М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Olga2907
Olga2907
08.10.2022 11:44 •  Қазақ тiлi

добрые люди Т-Т

Мемлекеттің болашақта әрі қарай дамуы мен гүлденуі тікелей жастарға байланысты болатындықтан, қоғамның белсенді буыны, елдің ертеңі жастардың тәрбиесіне баса көңіл аударуды уақыт талап етуде.

Жастардың білім алу, мамандық таңдау, рухани ұстанымдарын қалыптастыру, қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңдерден өтуі – өмір заңдылығы. Осы әлеуметтік кезеңдерде жеке адамның тұлға болып қалыптасуына көптеген жағдайлар әсер етеді. «Отан отбасынан басталатындықтан» ата-ананың тәрбиесімен бойға даритын ізгілікті балабақшада дамытып, мектеп пен жоғарғы оқу орындарында рухани және дәстүрлі құндылықтарды жастардың санасына сіңіру – оның тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін маңызды іс.Қазіргі қоғамда жастарға байланысты көп айтылатын келеңсіздіктің бірі – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетпеу. Атап айтқанда, қоғамдық орындарда үлкендерді сыйламау, ата-анасын тыңдамау секілді құбылыстар байқалады. Соның бір мысалы – қоғамдық көліктің ішіне үлкен кісі кіргенде жастардың көрмегендей сыңай танытып, орын бермеуі.
«Атаңа не қылсаң, алдына сол келеді» – дейді қазақ, сондықтан қай уақытта болмасын ересектерді сыйлап, керек кезде қол ұшын созып, үлкенге ілтипат, кішіге қамқорлық көрсету – дәстүрлі үрдіс. Үрдісті үзбей, дәстүрді бұзбай кейінгілерге жеткізу – жастарға аманат, жастар – рухани құндылықтарды жалғастырушы алтын көпір.
Жастардың эстетикалық, діни көзқарастарын қалыптастыруда бүгінгі ғаламтор мен бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалы өлшеусіз. Мобильді әлемде өмір сүру, ғаламтор желісіндегі сансыз ақпараттар жастардың діни немесе өзге де мәліметтерді таңдауына дес бермейді. Сондықтан, ең басты бағдаршам – ұлттық құндылық, ең негізгі ұстаным рухани ізгілік болса ғана ұтылмаймыз.
Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізіп, биіктерге көтерілуге болатынын түсінуі маңызды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтар болсақ, қазіргі заманғы жастар қай қоғамда да құны кемімейтін мейірімділік, әділдік, шыдамдылық секілді адами құндылықтарды басты орынға қойса, нұр үстіне нұр болар еді. Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, ұлттың рухани құндылықтарын бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады.

Мәтінге күрделі жоспар
Кіріспе.
а)
ә)
Негізгі бөлім:
а)
ә)
Қорытынды бөлім.
а)
ә)

👇
Ответ:
Сач16
Сач16
08.10.2022

ок если я не буду писать на как?

4,5(72 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
2703200096358246
2703200096358246
08.10.2022

Көшпенділер мәдениеті

Көшпенділер дегенде көбіне өз ата бабаларымыз есімізге келеді. Қазақтар бағзы заманнан қазіргі уақытқа дейін мал бағып малдың қамымен көшіп қонып жүре берген. Тек қана соңғы жүз жылдың ішінде индустрияландыру заманында және кешегі Сталиннің ұжымдастыруының есебінен орнықты өмір салтына көшіп кетті.

Көшпенді халықтар көбіне жылына кем дегенде екі рет көшіп отыратын болған. Жазда жайлауда кең жерлерде өмір сүрсе, қыста суықтан сақтану үшін тау бөктерлерінде пана жерлерді таңдайтын болған.

Көшпенді халықтар көбіне уақытын ат үстінде өткізген. Сонымен қатар олар үнемі мал үшін ыңғайлы жерлер іздеумен болған. Соның бір мысалы ретінде Асан қайғыны айтуға болады. Ал жақсы жерлер үшін талас та әрқашан қиын болған. Сондықтан олар көп соғысып жүрген.

4,7(83 оценок)
Ответ:
minari3
minari3
08.10.2022

«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ

Объяснение:

4,6(94 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ