Біздің халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы – қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонақтарға мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтың дәрежесі мен жасына, іліктік жолына (нағашы, жиен, құдағи, қыз, бала, т.б.) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Аталған табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа-райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.Олар ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардын аман сақтау үшін ерте қамданып отырған.Ауа-райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап,күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған.Оны атадан балаға мұра етіп қплдырып отырған.Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап,естелікке алып отырумен бірге,өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс,ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес.