Айтыс-ертеден келе жатқан қазақ әдебиетінің үлкен саласы. Айтыс «көркемсөзбен жарысу>> дегендi бiлдiретiн поэзияның күрделі жанры. Айтыстың негiзгi ерекшелiгi - болған оқиға, шындық өткір тіл мен айтылады. Айтыс - нағыз ақындық өнер, суырыпсалма өнер. Ол - көркем Ой мен әдеби тілдің ғасырлық даму жолын көрсетеді.Айтыстың қазақ тілінің сөздік қорын дамытуда маңызы зор. Тілдегі сұлу теңеулер, мақал - мәтелдер айтыс өлеңдерінде жасалған. Айтыс адамды әдемі сейлеуге, шешендікке, тапқырлыққа үйретеді. Айтысқа шынайы ақындар ғана барады. Айтыс-ұйқасқан өлең ғана емес,көркемсөз,бейнелі ойға құрылған жауап. Айтыс тапқырлықты қажет етеді. Себебі қарсылас ақынның өлеңіне ұтқыр жауап айтылмаса, анын жеңіліс табады.
Нағыз айтыскер ақын домбырасыз айтыспайды. Нағыз айтыскер ақын бірнеше өнерді меңгерген. Бiрiншiден, ол - сөз өнерін жақсы меңгерген шешен, екіншіден, әнші, үшiншiден, домбырада шебер ойнайтын әртіс. Кез келген ақын айтыскер ақын болмайды. Өлең жазатын ақын кеп Бірақ бәрі суырып салып елең айта алмайды. Айтыскер ақын өлеңді ойдан тез шығаратын дарынды, терең ойлы, ұтқыр жауап беретін, логикалық ойлауы кушті жан болуы керек. Айтыста әдептілік сақталады
Сөйлемге перифраз жаса
Айтыс-ертеден келе жатқан қазақ әдебиетiнiн улкен саласы.
Мектеп... Бұл сөзде қаншама мағына жатыр десеңші! Ойын қуып жүріп, он бір жылдың қалай өткенін білмей де қалыппын. Артқа қарап, өткенді есіме алсам, балалық шағымның балдай тәтті кездерін көремін.
Әлі де есімде... Мектеп табалдырығын аттаған кезде мен тым кішкентай болсам да, бәрі де көз алдымда тіпті кеше ғана болған сияқты. Қолымда бір шоқ гүл, жанымда ата-анам, туған-туысқандарым. Мектептің жанында толған адамдар, мұғалімдер. Өзің сияқты кішкентай қыздар мен ұлдарды көріп, таңқалған едім. Сол кезде ата-анам маған: «Сен мектепте жалғыз оқымайсың. Көрдің бе, сен сияқты балалар қандай көп, солардың ішінен сен өзіңе өте адал дос табуға тырыс», - деп атқан еді.
Содан соң алғашқы ұстазымды көрдім. Осы кезден бастап мен ұстазымның арқасында мектеп туралы, мектептің не екенін, оның қандай мағына беретінін ақырындап түсіне бастадым. Сөйтіп айлар, жылдар өтті...
Достарыммен болашаққа жоспар құрып жүрген кезде соңғы қоңырау да соғылды. Не қуанарыңды, не жыларыңды білмейсің. Жүрегіңде бір қорқыныш сезімі бар сияқты. Өзіңе-өзің мыңдаған сұрақтар қоясың. Ал, міне, мектепті бітірдім, енді кім боламын? Болашағым қандай болады? Қандай мамандық иесі боламын? Осы және де басқа сұрақтар мазалап еді. Ал қазір мен бұл сұрақтарға сенімді түрде жауап бере аламын. Өйткені мен Инновациялық Еуразия университетінің студентімін. Өзіммен өзім мақтанамын. Және де мектептегі ұстаздарымның болашақта мен үшін мақтанғанын қалаймын! Бұл үшін мен қолымнан келетіннің бәрін істеуім керек. Мектептен алған білімдерімді, тәрбиемді болашақта тиімді пайдаланып, үлкен нәтижеге жетемін деп ойлаймын.