Театрда көреремендердің кешігіп келуі, киім кию мәдениеті, ұялы телефонмен сөйлесу және сол сияқты қарапайым мәдениет нормаларын сақтамау жиі кездесіп тұрады. Аталған мәселені негізге алып, театрда болған оқиға туралы әңгіме жазыңыз. Сөз көлемі 200-250 сөз болуы қажет.
Спорт туралы диалог
- Серік, осы екеуміз біраздан бері дос болсақ та, мен сенен ешқашан спорт жайлы сұрап – білмеппін...
- Ия, шынымен де, тіпті қандай спорт түрін ұнататынымызды да білмейді екенбіз.
- Мен суда жүзумен айналысамын. Ал сен ше?
- Мен болсам, футбол ойнағанды ұнатамын. Сен қай уақыттан бері жүзумен айналысасың?
- Мені ата – анам екі жасқа толғанымда алғаш рет бассейнге апарыпты, міне, содан бері мен жүзумен кәсіпқой түрде айналысып келемін.
- Қандай керемет! Қаншама жылдың ішінде бірталай жарыстарға да қатысқан шығарсың?
- Әрине, басында тек Қазақстан аумағындағы түрлі жарыстарға қатыссам, ал қазір әлемнің түкпір – түкпірінде өтетін спорттық додаларда бағымды сынаймын.
- Мен сен үшін өте қуаныштымын. Алдағы жарыстарда тек жеңіске жетіп, егенменді еліміздің көк байрағын көкке желбіретуге тілектеспін!
- Көп рахмет, айтқаның келсін! Міндетті түрде жеңуге тырысамын.