М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
awoln
awoln
01.09.2022 23:44 •  Қазақ тiлi

Мен 5-ші сыныпқа көштім шығарма ​

👇
Ответ:
Hedulik
Hedulik
01.09.2022

Мен бесінші сыныпқа көштім. 5 сыныпта мен білмеген көптеген кітаптар бар. Олардың ішінде көптеген мен білмеген мәліметтер бар екен. 5 сынып қиын, бірақ тақырыпты, ережені оқысан түсінесің. Мен есептерді түсінбедім, бірақ ереже оқығанда бірден түсіне бастадым. Қазақ тілінен көптеген стиль тағы басқа білмегендерді түсіндім. Орыс тілінен де. Қазақ әдебиеттен білмеген ақын мен үлкен үлкен әңгімелерді оқып, мазмұнын айтып, жаңа сөздер, теңеу, т.б-ларды үйрендім. Кітапты оқысан бәрін түсінеді екенін!

4,7(84 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Kiska41384
Kiska41384
01.09.2022

Киіз үй көшпенділер өркениетінің озық үлгісі

Объяснение:

тұрғын үй тұрғысынан танудамыз. Жеріміздегі бірнеше жүздеген, ескі қалалар мен қорғандар немесе егіс алқаптары мен бау-бақша орындары осы түсініктің қарама-қарсы дәлелі бола тұра, өз ұлтымызды көшпенді дейміз. Ұлтымыздың қалыптасуынан бастау алатын ата кәсіптің бірі – мал шаруашылығы болғандықтан,төрт түлік малдың жаз жайлауы мен қыс қыстауына, өсетін шөбі мен ішетін суының малға жайлылығы мен жұғымдылығына сай, көшіп жүретініне қарай бүкіл ұлтты көшпенді санау, қай жағынан да орынсыздау екені анық.

Малдың күші, сүті, еті, терісі – халықтың тағамы, киімі, баспанасы, үй жиһазы – өмірінің, тіршілігінің негізін құрайтыны рас. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан және қосатын үлесі зор екенін мойын­дай отыра, қазақ ұлты тек малдың соңында бел асып, көшіп жүрді деп ойлау негізсіз. Мал бағу ата кәсіптің бірі ғана саналады. Ұлтымыз осы кәсіптің негізінде табиғаттан жауынгерлік, табиғат заңдылықтарына сәйкес тіршілігін жос­парлау, поэзия, көркем тіл, сәулет өнері, ойға тапқырлық, салт-дәстүрлерін қалыптастырудың негіздерін қалауда тәлім-тәрбие алды. Бірақ қазақ көшпенді халық емес, бұл менің жеке пікірім. Өз пайымым бойынша көшпенділер санатына атамекеніне оралмайтындар жатады. Мен осы орайда қазақы киіз үйді басқа қырынан талқыламақпын. Киіз үйдің құрылымдық ерекшелігіне назар аударсаң, жинақылығы мен ыңғайлылығы өз алдына, сәулеттік шешімі мен сырт пішімі ерекше сұлулығымен дараланып тұр. Ғалымдардың пікірінде киіз үй сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің біріне жатады. Небәрі сүт пісірімдей уақытта, бір түйеге жүк болатын киіз үйдің қаһарлы қысқа да төтеп беретін тұрғын үйге айналуымен қатар, дөңгелек кескіндегі бөлме ауасының алмасуы төрт бұрышты кескінді бөлменің ауасы тазаруынан 5-6 есе тезірек болатынын қазіргі архитектура ғылыми жетістіктерімен дәлелдеген. Еуропалық тас, бетон үйлер мен заманауи полимерлік материалдарының әртүрлі температуралық жағдайда бөлетін химиялық қоспалары бөлме ауасының 35 пайы­зын құраса, киіз үй адам денсаулығына тіпті зиянды емес екені ерен талантты адамдардың арғы тамыры ауылда жатқанын түсіндіреді. Киіз үйдің сүйегі дегеніміз – кереге, босаға – сықырлауық есік, уық, шаңырақ біркелкі сәмбі талдан жасалады. .

4,7(33 оценок)
Ответ:
69Unicorn69
69Unicorn69
01.09.2022

Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.

Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.

4,7(92 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ