М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Kira3998
Kira3998
11.08.2021 00:27 •  Қазақ тiлi

1-тапсырма Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Бұл қорық 1926 жылы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған. Қорықта аң құс, шөп, гүлдер қорғалады. Қорықта алманың 20 шақты түрі өседі. Олардың бәрі – Алматы апортының ең жақын туысы. Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ пен сарғалдақ өседі. Қыз- ғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта өскен. Грейг қызғалда- ғын Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған. Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланып, дипломмен марапатталған. Со- дан бері әлемге біздің қызғалдақтың 200-ден астам түрі тараған. Ақсу-Жабағылыда жазықтар, биік шыңдар, жартастар, таулар бар. Өзендер мен сарқырамалар бар. Көгілдір биік таулар аспанмен таласа- ды. Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға сурет салын- ған. Тастарда жануарлар, аң аулаған ежелгі адамдар бейнеленген. (114 сөз) Сұрақтарға толық жауап бер. ответь на вопросы развернуто. 1.1.Қорық қай таудың етегінде орналасқан? ( ) 1.2. Голландияға апарылған гүлдің атауы? ( ) 1.3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. ( ) Найди синонимы из текста. әдемі - жоғары - 1.4. Мәтін мазмұнын ретімен орналастырыңыз. Укажи правильную последовательность предложений в тексте (пронумеруй цифрами рядом с предложением) № Оқиғалар Реті А Грейг қызғалдағы 1877 жылы Голландияда жоғары бағаланып, дипломмен марапатталған. Ә Теңіз деңгейінен 3000 м биіктікте орналасқан тастарға сурет салын- ған. Б Бұл қорық 1926 жылы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған. В Олардың бәрі – Алматы апортының ең жақын туысы. 2-тапсырма Жазылым Басқа елде тұратын досыңызға өзіңіз тұратын жеріңді сипаттап, хат жазың

👇
Ответ:
Школьниқ
Школьниқ
11.08.2021

Объясненпсырма Оқылым Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі – Ақсу-Жабағылы қорығы. Қорық Талас Алатауының етегінде орналасқан. Бұл қорық 1926 жылы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған. Қорықта аң құс, шөп, гүлдер қорғалады. Қорықта алманың 20 шақтыүрі өседі. Олардың бәрі – Алматы апортынң еңақын туысы. Ақсу-Жабағылы қорығында қызғалдақ пен сарғалдақ өседі. Қыз- ғалдақтың алты түрі де алғаш осы қорықта өскен. Грейг қызғалда- ғын Ақсу-Жабағылыдан Голландияға апарған. Гр

мен марапатталған. Со- дан бері әлемге біздің қызғалдақтың 200-=артастар, таулар бар. Өзендер ме

=\ың етегінде=\

орналасқан? ( ) 1.2. Голландияға апарылған гүлдің атауы? ( ) 1.3. Берілген сөздердің синонимін =\

әтіннен тауып жазыңыз. ( ) Найдл қорық 1926 жылы мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың ұсынысымен құрылған. В Олардың бәрі – Алматы апортының ең жақын туысы. 2-тапсырма Жазылым Басқа елде тұратын досыңызға өзіңіз тұратын жеріңді сипаттап, хат жазыңие:

4,6(41 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Робобот1
Робобот1
11.08.2021
Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген.Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді.Әсіресе зергерлік бұйымдар әйел адам үшін керек.Ол әйел адамның көркіні ашады.
4,4(29 оценок)
Ответ:
kazbekkhatitow7h52
kazbekkhatitow7h52
11.08.2021
«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып — көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).
Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл — бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан.

Талай — талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан!
Қазақстан — тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды.

Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл — тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.

Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата — бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?!
Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды.
Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен — ау!
Шыдамадым қапасқа,
Кеңшілікке қаштым.
Көндікпедім матауға,
Асау атша бастым.
Уһ, шырқап, зымырап,
Сұңқардай зулап ұшайын!
Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті.
Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар — ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді.
Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті.
4,4(64 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ