М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
slava285
slava285
07.12.2021 18:08 •  Қазақ тiлi

« Отбасындағы бала тәрбиесінің бүгіні мен ертеңі" деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі 170-200 сөз ​

👇
Ответ:
nastich1
nastich1
07.12.2021

«Бала - бауыр етің» деген қазақта жақсы сөз бар. Дүние есігін ашқан әрбір сәби, бүлдіршін ата-анасының ғана көз қуанышы емес, ол елінің ертеңгі ту ұстар азаматы. Бұл үшін ата-ана, мектеп, қоғам жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне ерекше жауапкершілікпен мән берсе нұр үстіне нұр болар еді. Демек, баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеп, азамат ету - ата-анаға ортақ парыз. Дегенмен, «тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп» дегендей, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген перзенті үшін ана тәлімінің алатын орны ерекше.

Бала тәрбиесі ана құрсағында жатқан сәттен басталатындығын атам қазақ ертеде-ақ ескерген. Сөйтіп, ананың қабағына кірбің түсірмеуді ойлаған. Өйткені ана қуанса - іштегі бала да қуанып, қайғырса - бірге қайғырады деп білген. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы балаға ең әуелі анадан даритынына көздері жеткендіктен де сәбиін өмірге әкелетін келінінің жүріс-тұрысына, көңіл-күйі мен тамақтануына және демалысына аса мән беріп қараған. Сонымен қатар ана бойындағы мінез-құлқы мен денсаулығындағы ақаулар құрсақтағы балаға берілмесі үшін жаман әдеттерден арылуға, таза жүруге үндеген. Бұған жүкті әйелдің кештетіп суға ­бармауына, орамалсыз жүрмеуіне және т.б. көптеген тыйым сөздер негіз болды. Ал мұның астарында ұлттың ертеңі, дәстүрлі тәрбие мәйегі жатқаны анық.

Медицина ғылымына жүгінсек, ана құрсағындағы баланы төрт айынан бастап тәрбиелей беруге болады екен. Сол себепті бойына бала біткен ана жүріс-тұрысын түзеп, мінезін қалыптастырып, жаман қылықтардан арылып, денсаулығын қадағалап, сұлу табиғат көріністерін тамашалаумен қатар әсем ән мен күй тыңдап, алған әсерін жан күй тебіренісі арқылы іштегі нәрестеге жеткізе білуі тиіс. Өйткені ана қуанса іштегі бала да қуанады, қайғырса қайғырады. Ал дүниеге сәбиін әкелген әрбір ата-ана «баланы қайткенде тәуелсіз, бірегей, мақсатты және жинақы етіп тәрбиелеуге болады»? деген сұраққа жауап іздейтіні шындық. Бала тәрбиесі - ауыр да үздіксіз еңбек екенін бәріміз де білеміз. Балалардың жан дүниесі айнадай таза ғой. Сондықтан айналасындағылардың тигізер әсері оңынан болса құба-құп.

Баланың жақсы қасиеттерін, әрекеттерін көргенде кейде оны мақтау да артықтық етпейді. Өйткені бұндай жылы сөздерден кейін олар жақсылыққа ынталанады. Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген ұлы сөзі бүгінгі күні де өзектілігін жойған жоқ.

Объяснение:

удачи сделай лучшим ответом

4,6(95 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kriss200900
kriss200900
07.12.2021
Менің кіші отаным
Өмірде өз отанынан жақын нәрсе жоқ. Әр адамның өз отаны болады. біреулерінде-үлкен қалалар. Кейбіреулерінде - Кішкентай ауыл, бірақ барлығы отанын бірдей жақсы көреді. Мен үшін кіші отаным ол Өскемен қаласы. 
Мен КШТ жақта тұрамын бұл экологиялық тұрғыдан алғанда ең таза жерлер болып есептеледі. Ол жер өте әсем және әдемі. Болашақта осы КШТ Өскеменнің орталығы болады. 
өскемен қаласындағы менің ең жақсы көретін жерлерімнің білі сол жақта орналасқан парк. Ол демалу үшін өте жақсы жер, зоопарк бар. 
Мен Өскемен қаласы таза және әдемі болуды қалаймын. Әсем келбет барлық адамдарда болсын.) Все)
4,4(99 оценок)
Ответ:
dimasik4325
dimasik4325
07.12.2021
Қазақ халқының салт-дәстүрін сыйлаймын. 
Қазақ халқында атадан балаға ауысып келе жатқан дәстүрлер бар. Ежелгі дәстүрлердің бәрі сақталды деп ойламаймын. Маған тұсау кесер дәстүрі ұнайды. Бұнда сәби енді аяғынан тұрып, қаз-қаз басқанда, тұсау кесер тойы жасалады. Мұндағы негізгі мақсат бала болашақ өмірінде ешқашан  сүрінбейтін болсын деген ырым. Баланың тұсауын абыройлы, білімді, елге қадірлі адам кеседі. Ала жіпті аттамайтын адал болсын, өмірінде ақ жол болсын, ешбір кедергі кездеспесін,- деп ала жіптен бау есіп, баланың аяқтары арасына байлап, онан соң кеседі. Ақсақал бәте береді. Ағайындар сәбиге байғазы береді. Осы дәстүр маған ұнайды.
4,5(45 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ