Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиялғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазақ ғылыми фантастикасы, басқа да әдеби жанрлар тәріздес, әуелі жұртшылықты ғылым негіздерімен етене танысуға шақыруға түрткі болуы тиіс. Ол үшін жаңашыл үн керек еді. Қазақ ғылыми фантастикасы ондай ғылым насихаткерін де тапты. Ол Шәкәрім Құдайбердіұлы еді. Өзінің нақтылы тақырыбы жоқ, алғашқы жолы: «Мен адамның таппаймын өнерлісін…» деген өлеңінде «…Іш жарып, ішек жалғап, сүйек қиып, Жамайды ерін, мұрын, түскен тісін. Аэроплан, телефон, громофон, электр, радий мен магнит ісін…” – дейді. Бір қараған көзге осы жерде ақын Шәкәрім ғылым мен техниканың өткен ғасырымыздың елең-алаңындағы су жаңа жетістіктерінің, өзіне салса, танымгері. Оқырманға салса – өлең тілімен жырлаған тәлімгер міндетін атқарып тұрған секілді. Иә, «секілді» емес, шынында да солай...
Тағы бір жағынан алып қарасақ:
Осыншама өнер тауып, асқан адам,
Әлемнің қиын сырын ашқан адам.
Ол үшін өмірге де айла табар,
Өлмей, жетер бірталай жасқа да адам!..
Керемет! Бұл дегеніңіз – кәдімгі кісі ағзасының белсенділігін мейлінше ұзарта түсу амалын қарастыратын медицина саласы – геронтология ғой.
Шәкәрім “кісі мәңгілік жасауы тиіс” демейді. Тек қана “өлмей, жетер бірталай жасқа да” дейді. Мұның өзінде де автордың өз заманынан едәуір озушылығы бар. Өйткені: Шәкәрім осы туындысын жазған тұстары қазақ ауылындағы, санақ көрсеткіштеріне жүгінсек, өмір ұзақтығы алпысты ғана алқымдаса керек. Демек, мына екі жол – ақынның ертедегі бір замандағы, Қорқыт атаның аңсауының рухани жалғасы тәрізді, арманы десе де, қиялы десе де болады.
Яки, Шәкәрім ішінде қисынды қиял элементтері ұшырасатын ғылыми-фантастикалық дүние берді деуге болады.
1-тапсырма
Мәтінде бірде жалғаулық, бірде демеулік ретінде қолданылып тұрған шылауды белгілеңіз. [1]
1. мен, бен, пен
2.да, де, та, те
3.секілді, тәрізді
Жақсы бала жеткізеді мұратқа.
"Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры" демекші,әрине,бала - өмірдің тәттісі,болашақ азамат.Оның келешекте сыйлы да ұнамды азамат болуына кішкене кезінде алған тәрбиесі үлкен рөл атқарады деп ойлаймын."Жақсы бала жеткізеді мұратқа,жаман бала қалдырар ұятқа" дегендей,жалпы жақсы бала қандай болуы керек?Оның бойында қандай қасиеттер болады?Француз ағартушысы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай тап-таза болады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деп атап өткендей,жақсы бала ең біріншеден ата-анасының берген тәлім-тәрбиесін бойына сіңіре алаған болуы керек.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Әр нәрсеге қызығушылықпен қарауы,талапшыл,әдепті,санасы мен жүрегінде ақ ниеті,іс-әрекетінде ұқыптылық,жауапкершілік болуы керек деп білемін.Жақсы бала айналасындағыларға игі ниетпен қол ұшын соза алса,нұр үстіне нұр болады.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:"Болашақ - білімді жастардың қолында" деп атап өтті.Бұл дегеніміз кешегі кішкентай жүрегінде мейрімі бар бала ертең сол мейрімін еліне,жеріне жұмсай алуы елдің дамуына зор әсер етеді дегенді білдіреді.Ал бұлай елі үшін еңбек сіңіру тек жақсы балалардың ғана қолынан келеді деп білемін.