Судың жарнамасы.
Су – тіршілік көзі. Дана халқымыз «Судың да сұрауы бар» деп бекер айтпаған. Себебі, тамақсыз бірнеше күн өмір сүре алсақ, сусыз тіршілік жоқ. Тіпті, адам денесінің 2/3 бөлігі судан тұрады. Тіпті алғашқы тіршілік те судан басталған. Жер бетінде су - ең кең таралған зат.
Біздің "Таза су" компаниясы - Қазақстандағы ең ірі су өндіруші компания. Біз сіздерге артезиандық ұңғымадан шыққан, жеті сатылы тазалаудан өткен ауыз су ұсынамыз.
- Үйге дейін ыңғайлы уақытта тегін жеткізіп беру қызметі.
- Зейнеткерлер мен балалы отбасыларға арналған жеңілдіктер.
- Кез - келген уақытта зертханаға келіп, тазалау процесін көру мүмкіндігі.
Тапсырыстар күнделікті сағат 8.00 - ден 22.00 - ге дейін 8 777 111 22 33 және 8 7172 11 22 33 телефондары бойынша қабылданады.
Мектеп асханасы туралы.
Біздің мектебіміздің асханасы екінші қабатта орналасқан. Асхананың іші кең, әрі жарық, биылғы жылы ішіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, заманауи жиһаз бен тұрмыстық техникамен жабдықталды.
Асхана таңғы сағат 8 – ден түскі сағат 4 – ке дейін жұмыс істейді. Асханадағы аспаз апайлар күнделікті жаңа тағамдар әзірлеп, ас мәзірін жаңартып отырады. Сонымен қатар, асханада мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары тегін түскі тағаммен қамтылған.
Біз асханаға үлкен қоңырау кезінде барып, ыстық тәтті тоқаш немесе бәліштермен шай ішкенді ұнатамыз. Асханадағы тағамдар өте дәмді!
Асханадағы әзірленетін тағамдарды үнемі мектеп медбикесі тексеріп, жыл маусымына байланысты барынша көп табиғи дәрімендермен қамтылуын қадағалап отырады.