Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.
Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.
Салт дәстүр мәселесі Қазіргі таңда салт дәстүр мәселесі алғашқы орындарды тіреп тұр. Қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар. Бірақ өкінішке орай адамдардың көбісі ырым мен салт дәстүрді шатастырады екен. Ата баба өсиеті болып келе жатқан салт дәстүрлердің өзіндік ерекшеліктері болса, ырым жырымдар арнайы тыйымдар үшін қолданылған
1. Томирис ханшайымның бала кезі
0Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің
нің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай
күнінен әкесімен бірге еріп жүріп,
талай рет жаудан да қашып құтылған.
2. Соғыс өнерін қанша жасынан бастап
үйрене бастайды?Бес жасынан асау атқа мініп, қолынакішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей - тегжейін үйрене бастайды.
3. Томирис патшайымның жұбайы мен
ұлының есімдері?Жұбайы - Рустам, ұлы - Спаргапсис.
4. Томирис патшайымның тарихқа
енуінің бір себебі?Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады.
5. Кир патша Томирис ханшайымға
қандай ұсыныс жасады?Жазба деректерге сүйенсек, Кир
патша көптеген елдерді жаулап
алып, «Азия әміршісі» деген атаққа
ие болып, сақтарға қарсы жорыққа
шығады. Шайқастардың бірінде Кир
патшасы Томиристің жұбайы Рустамды
өлтіріп, Тұмардың баласын қолға
түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы
мерт болады. Ал Кир көшпенділер
еліне елші аттандырып, олардың
ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын
сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты
қабылдамай, оның қанға тоймас басын
қанға тұншықтыруға уәде береді.
Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске
жетіп, Томирис Кирдің басын шауып
алып, қан толтырылған сабаға тығып,
«Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» -
деп айқайлаған көрінеді.