Жетістіккен жету оңай шаруа емес. Ол үшін қол үзбей жұмыс істеу керек. Өзіңнің біліміңді жетілдіріп, ақылыңды да денеңді де шынықтыру, дамыту, жаңа білімдер алуға талпыну керек. Өзіңнің алдыңа мақсат қойып, оған жетуге тырысудың да маңызы зор. Өзіңді өзің жетілдіріп, өзіңмен көп жұмыс істеуің керек. Бұдан басқа да өзіңдегі батылдықты, тұрақтылықты, жинақтылықты тәрбиелеудің да маңызы бар. Жақсы сөйлей білу, білімді жазу, этикет нормаларын білу қажет. Бұл тізімді ұзақ, шексіз жалғай беруге болады.
Сөзжасам орыс. словообразование – тіл білімінің жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық процесс негізінде атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы, т.б. жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына - атаудың кешенді бірлігін қарастырады.