М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Аля19251
Аля19251
26.04.2023 00:48 •  Қазақ тiлi

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз. А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

ЭКСПО көрмесі Қазақстанға не берді?

ЭКСПО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін елдіктің ерен жеңісі деуге болады. Бұл көрмені Астана қаласында өткізу - Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына тиесілі.

ЭКСПО-2017 көрмесінің негізгі тақырыбы – «Болашақ энергиясы» болды, бұл дегеніміз «жасыл экономиканы» дамытуға тікелей септігін тигізетін жаңа технология мен инновацияларды қолдау деп білеміз. Ал енді осы аталмыш көрме Қазақстанға не берді? деген сұраққа жауап беретін болсақ, Нұрсұлтан Назарбаев көрменің Қазақстан экономикасын дамытуға мультипликативтік тұрғыдан оң әсер еткенін есерін ерекше атап өтті. Көрменің оң әсеріне тоқтала кетсек: шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.

Сонымен қатар, жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді. (165 сөз)

Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді

Қаражаттың тиімді жұмсалуы

Сарапшылар атап өткендей, ЭКСПО-ға жұмсалған ақша елдің жанармай-энергетикалық кешенінің дамуына кеткен қаражаттан 30 миллиард теңгеге асып түсті.

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындауға бес жыл ішінде Қазақстан бюджетінен 565 миллиард теңге жұмсалған, деп хабарлайды Ranking.kz сараптама порталы.

Республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, ЭКСПО — 2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындыққа бес жыл ішінде 565,1 миллиард теңге немесе 2,1 миллиард доллар бөлінген. Оның ішінде Астана қаласы бюджетінен – 1,58 миллиард теңге.

Бұдан бұрын "Астана ЭКСПО — 2017" АҚ ұлттық компаниясы басшысы Ахметжан Есімов хабарлағандай, бастапқы есептеулер бойынша көрмеге 400 миллиардтай қаражат жұмсалған, оған нысандардың салынуы мен іс-шаралардың өткізілуі кіреді.

Барлық шығынның жартысына жуығы 2016 жылы жұмсалды – 267,2 миллиард теңге. Биыл көрменің ашылуына дейін тағы 77,3 миллиард теңге ұсталды.

Орта есеппен көрменің дайындығына адам басына шаққанда 66 мың теңгеден кеткен. Тағы бір айта кететін жайт, 2015 жылы Миландағы ЭКСПО-ға 3,6 миллиард доллар жұмсалған екен, ал ең қымбат ЭКСПО Шанхайда өткен, Қытай елі оған 60 миллиард доллар жұмсапты.

Әйгілі көрмелерді өткізуде дамыған мемлекеттер жоғарыда көрсетілген қомақты қаражаттарды жұмсаса, жаңадан тәй-тәй басып нығайып келе жатқан Қазақстанның қаражаты айды аспанға шығарғандай. ЭКСПО көрмесін ұйымдастыруға кеткен қаржы жоспарланғандай өз шығынын өтеді ме, өтесе өтелген шығын еліміздің экономикасының көтерілуіне өз септігін қаншалықты дәрежеде тигізді екен?..

Жаһандық көрмедегі Қазақстанның танымалдылығы, ондағы жобалардың жүзеге асырылуының маңыздылығы неде? (225 сөз )

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, « ЭКСПО көрмесін ұйымдастырудың Қазақстан үшін қандай пайдасы болды?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.​

👇
Открыть все ответы
Ответ:
missstelmah2002
missstelmah2002
26.04.2023
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
4,8(31 оценок)
Ответ:
Зейна12
Зейна12
26.04.2023
Қазақ халқы салт-дәстүрге қатты қарайды. Оны барынша сақтауға тырысады. Атадан балаға сан ғасырлары бойы беріліп, жалғасын тауып келеді. Салт-дәстүрлердің түрі көп. Мүмкін оның дұрысы да бұрысы да бар шығар. Сондай дәстүрлердің бірі бала туылысымен, оны өзге сондай нәресте қызбен атастырған. Бұны, әрине қолдай қою қиын. Өсе келе жастар үшін бұл дұрыс шешім болмауы да мүмкін. Ал, шілдехана, бесік той, сүндетке отырғызу, оған сүндет той жасау, бұлар менімше дұрыс салт. Жаңадан көшіп келген көршіге үй көрсетіп, дәм таттыру бұл да біздің жақсы дәстүрлеріміздің бірі.
4,4(53 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ