Объяснение:
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес
Әрбір тарихи кезеңнің өзіне тән терминдері мен концепциялары болатыны мәлім. ХХІ ғасырда әлемдік саяси-әлеуметтік лексиконда кең тараған ұғымның бірі – «жаңғыру» (модернизация) сөзі болып отыр.
Бұл қазіргі әлемдегі мемлекеттер мен ұлттардың ұстанған бағыт-бағдарын, мақсат-мүддесін білдіретін әмбебап терминге айналды. Модернизацияның бағыты мен саласы да көп. Біздің елімізде көп жыл бойы экономика мен әлеуметтік-саяси модернизация алдыңғы орынға қойылып келді, яғни, қоғамның базистік, материалдық жаңғыруы мәселесі басым сипат