Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші Азия, Орта Азия, Мысыр, Оңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.
Әлемнің жеті кереметі
Олар:
Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған.
Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған.
Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған.
Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған.
Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған.
Жерорта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Родос алабы, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған.
Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м.
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда
ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз». (Н. Ә. Назарбаев)
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана - сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы - адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ата заң - мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы - билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп - өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады.
Тарих өткенді саралап, келер уақытқа өнеге қалдырады. Қазақстанда конституциялық құндылықтардың дамуының өзiндiк тарихи жолы бар.
Қазақ хандығы құрылғаннан бастап ұлтымыз жан - жағынан қаумалаған жаулардан қорғана отырып, дербес, қуатты да тұрақты мемлекет болуға тырысты. Алтайдан бастап Арқа асқан, Жайыққа жеткен ұлан - ғайыр жерiмiз сол күрестiң нәтижесi. «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» қағидасымен дамуды көздеген бабаларымыз «Тәртiпке бағынған құл болмайды, тәртiпсiз ел болмайды» деген дала заңымен, салт - дәстүрiмен өмiр сүрді«Қасым ханның қасқа жолы», «Есiм ханның ескi жолы», Тәуке ханның «Жетi жарғысы» сынды дала заңдары осыны меңзейдi.
Адам өте көп биологиялық түр ретінде табиғатқа әсер етеді. Әрине, планетаны мекендейтін 7 миллиард адам қалдықтарымен ешқандай әсер ете алмайды. Адам үшін табиғат - бұл тіршілік ету ортасы, ресурстардың өмір сүруіне қажетті ресурстар көзі.
Бұл асыра сілтеу сияқты көрінеді, бірақ 100-ден астам жыл бұрын өнеркәсіптің, көліктің, энергетиканың, ауылшаруашылығының дамуы әлдеқайда төмен болды және қоршаған ортаға мұндай әсер етпеді. Мысалы, алғашқы автомобиль 127 жыл бұрын пайда болды, енді біз өз өмірімізді осы өнертабыссыз елестете алмаймыз. Басқа салаларда да жағдай дәл осындай.
Жердің халқы аз болғанымен, өз іс-әрекетімен орасан зор зиян келтірген жоқ, дегенмен ормандарды кесу, балық аулау, аң аулау, егіншілік - бұл ежелгі кәсіптер. Енді адамның әсері планеталық масштабқа ие.
Біз Жер планетасын адам танымастай өзгерттік, шөлді жерлерде оазистер пайда болды, ал далаларда және жазықтарда өндірістік кешендер пайда болды. Мұның бәрі, әрине, адамзат үшін мақтаныш, бірақ мұндай өзгерістер табиғатқа зиян тигізеді. Адамның көптеген әрекеттері