М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Маджидия
Маджидия
02.05.2022 13:26 •  Қазақ тiлi

Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Көзін ашқаннан көргені мен естігені бала жадында  тасқа басқан хаттай жазылып қала беретіні анық. Отбасылық, ағайындық, туыстық қарым-қатынастарды үйрететін,қазақ шаңырағына ғана тән, жазылмаған қағидалар – әдептілікке тәрбиелеудің үлкен мектебі.

Әйел–табиғатынан адалдыққа, кірпияздыққа бейім және мейірімнің бұлағы. Ол – ізгі қасиеттерімен тектіліктің, ізгіліктің үлгісі, сондықтан әйелдергеқойылатын талап қашан да жоғары. «Алып анадан, арғымақ биеден туады» дейді халқымыз. Бала тәрбиесіндегі әкенің орнын төмендетуден аулақпын, дегенмен жасөспірімнің өсіп-қалыптасуында ананың атқаратын міндеті – қисапсыз. Тіпті әкесінің кемшіліктерін де балаларына білдірмей, оны мінсіз тұлға етіп, жаманын жасырып, жақсысын асырып көрсету арқылы тамаша ұрпақ тәрбиелеген қазақтың айтулы аналарының парасаттылығына тәнті боласың.
Аналарынан үйреген өнегені өз балаларына, немерелеріне үйретіп, дәстүрді сабақтастыру арқылы алтын көпір болу – ұрпағының келешегін ойлайтын әрбір қазақ әйелінің. Көкірек көзі ашық, парасат-пайымы терең, ақылдың кені аналарымыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған, «айналайынымен» санамызға сіңген, биязы да жұмсақ үнімен жүрегімізге орныққан ақыл-кеңестері өмір қиындықтарынан сүріндірмей, бізді тек алға жетеледі. «Көретін – қызығым, жейтін – жемісім, атар таңым – сендер», – деген ананың үкілі үмітін арқалаған перзенттің бөтен ойы, жаман пиғылы болуы мүмкін емес... «Ел сендерге қарап, бізге баға береді», – деу арқылы иығымызға үлкен жауапкершілік артып, сенімді ақтауға ұмтылдырды.
«Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деп қазақ текке айтпайды, өйткені бүгінгі – ару, ертеңгі – ана. Әйел-ана – жақсы болса, бір әулеттің шамшырағы, жаман болса қасіреті. Ағайынның арасын жақындатып, ерінің мерейін үстем етіп жүретін әйелдің ұялтпайтын ұрпақ тәрбиелейтіні де шүбәсіз.
Қазақтың ұлттық тәрбиесінің айнасындай халықтық педагогика мұралары – тұнып тұрған даналық пен ақылдың кені. Ақылгөй абыз бабаларымыз көз көріп, көңіл қаныққан өмір сабақтарын екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, түйінді оймен қалдырып кеткен. Тек соны көретін қырағы көз, ұғатын сарабдал сана болса болғаны. Ата-бабаларымыздан бастау алып, сан ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеген қазақтың ұлттық  дәстүрлері келешек ұрпақ үшін де рухани азық болып қала берері хақ. Шынайы шындық пен иманға негізделген құндылықтар еш уақытта құнын жоймай, жасампаз бола береді. Ол үшін рухани бұлақтың бітеліп қалуына жол бермей, «қолымызды мезгілінен кеш сермемей», ұрпақтарымызды сол «бұлақ суынан» қанып ішуге  жағдай жасауымыз керек.

найдите в тексте синонимы на эти слова:
Әділдікхе-
Мирасы-
Болашағын-
Керемет-
Үлгіні-​

👇
Ответ:
MagicalBiology
MagicalBiology
02.05.2022
Әділдікке - адалдыққаМирасы - мұрасыБолашағын - келешегінКеремет - тамашаҮлгіні - өнегені
4,8(20 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
ifj2ifvjw
ifj2ifvjw
02.05.2022

Объяснение:

Театр (грек. тһеатрон – ойын-сауық орны; ойын-сауық) – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің көз алдында актерлер күшімен бейнелейтін бір түрі; ойын-сауық немесе спектакль; түрлі сахналық ойын-сауықтар, сонымен қатар жалпы мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.

Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және тұрлаулы мәдениетімен тығыз байланысты. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады.

4,6(27 оценок)
Ответ:
osokina78
osokina78
02.05.2022

ответ:Ежелгі Мысырдағы пирамиданың құрылысын бастау үшін

10 жыл бойы блоктарды жеткізуге арналған жол төселген. Геро-

доттың жазбасында 100 мың адам пирамиданы 20 жыл бойы сал-

ғандығы айтылады. Пирамидаға 2,3 млн тас блок жұмсалған. Пира-

миданың төменгі бөлігі жылтыратып өңделген әктас тақталармен,

ал жоғарғы бөлігі алебастр тақталармен қапталған. Төменгі бөлігі

қызыл гранит тақталармен жабылса керек.

Тас- Нілдің оң жақ жағалауындағы тас қашау орнынан жет-

кізілген. Блоктарды судан ісінген ағаш қазықтардың көмегімен

бөліп алып, май немесе балшықпен майланған салмалармен сондай-

ақ , жұмыр бөренелермен жеткізген. Тасты Ніл арқылы салмен

ағызған.

Объяснение: бұл жердегі үтір, нүктелер мәтіндегі айтайын деген ойды нақты да, дәл, түсінікті етіп жеткізу үшін қолданылды.

4,5(73 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi

MOGZ ответил

Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ