Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз. 1. Бұл мейрамның 5000 жылдан астам тарихы бар.
Бұл [1]
2. Қытайда тұратын қазақ, ұйғыр, өзбек, дүнген ұлтының өкілдері бұл күні ашық түсті киім киіп, мешітке барады.
Бұл күні [1]
3. Ирандықтар Наурыз мерекесін 13 күн тойлап, соңғы күнінде әйелдері оттан секірген.
Наурыз мерекесін [1]
4. Оттан секіру – жамандықтардан қашып, денсаулық пен әсемдікке жету деген сенімнен туған ырым.
Денсаулық пен әсемдікке жету [1]
5. Орта Азия халықтары «наурыз», «навруз», «новруз» деп атайтын бұл мейрамның атауы «жаңа күн» дегенді білдіреді.
«Жаңа күн» [1]
6. Мерекеге ортаазиялықтар бір ай бұрын дайындалады.
Ортаазиялықтар [1]
7. Алыс-жақындағы туыстарын, достарын, көршілерін құттықтау Наурыз мерекесінің алғашқы күндерінде болады.
Наурыз мерекесінің [1]
8. Көптен бері бір-бірін көрмеген адамдар, өзара реніштерін ұмытып, татуласады.
Туыстар [1]
9. 2018 жылы алматылықтар Наурыз мерекесінде құрақ көрпе тігуді бастап, «Қала күнінде» аяқтады.
Алматылықтар [1]
10. «Бұл құрақ көрпе – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағының дәлелі», - деді Алматы қаласы әкімі Б.Байбек.
Алматы қаласы
Дереккөзі: https://www.zharar.com/tags/%D1%81%D0%BE%D1%87%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5+%D0%BD%D0%B0+%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%BC+%D1%8F%D0%B7%D1%8B%D0%BA%D0%B5+%D0%BF%D1%80%D0%BE+%D0%B1%D0%B0%D0%B1%D1%83%D1%88%D0%BA%D1%83/
© www.ZHARAR.com