Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров - бұл Қазақстан шыққан тұңғыш ғарышкер және ұшқыш. Тоқтар Әубәкіров 27 шілде 1946 жылда туған. Ол 7 күн 22 сағат және 12 минут үшті .
1991 Юрий Гагарин атындағы ғарышкер дайындау орталығында әзірлігін бастады. "Союз ТМ " ғарыш кемесінде және "Мир"орбиталды кешенінде сынаушы ғарышкер-ұшқышы жылдамдатылған машықтауын ұшу бағдарламасы бойынша өтті.
1991 жылы қазанның 2-інде Тоқтар Әубәкіров зерттеуші ғарышкер есебінде , Александр Волков және Аустрия ғарышкері Франц Фибөк , "Союз ТМ - 13" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшуға кірісті.