1. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының басты кейіпкері? A. Қарашаш
B. Бопай
C. Есім
D. Қасымбек
E. Жәнібек
2. Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовке Кеңес одағының батыр атағы қашан
берілді?
A. 1943 жылы
B. 1945 жылы
С. 1944 жылы
D. 1942 жылы
E. 1946 жылы
3. Жеке тұтынуына немесе жеке шаруашылығына пайдалану мақсатында тауар сатып
алатын және жұмыстар мен қызмет көрсетулерді пайдаланатын азамат?
A. Сатушы
B. Тұтынушы
C. кәсіпкер
D. делдал
E. заңды тұлға
4. Мүхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, біржасушалы өсімдіктер
мен үзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Сөйлемде көп
қолданылған жалғаулар?
A. көптік
B. септік
C. жіктік
D. тәуелдік
E. ешқандай
5. Ұлықбек Есдәулеттің ішкілікке салынған адамның кесірі туралы жазған шығармасы
қалай аталады?
A. Қара дерт
B. Қара мақсат
C. Қара сусын
D. Қара жол
E. Қара пима
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Халқымыз дәстүрге өте бай. Ал салт-дәстүрге бай болу - елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екендігінің айғағы.
Салт-дәстүр деген не, соған тоқталып өтейін. Салт-дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыппен, ырым-тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Бауыржан Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт-дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт-дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн-жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десем де қателеспесім анық.