М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Мамаева2007
Мамаева2007
07.07.2021 03:04 •  Қазақ тiлi

Мәтінді түсініп оқып хронологиялық кесте жасаңдар Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы
Қазақ әдебиетінің классигі Ғабит Мүсірепов барлық жанрда шығарма жазған, әрі ол шығармаларынан басы артық сөз таба алмайсыз. Қазақ әдеби тілінің тазалығы үшін тынбай күрескен қайраткер де Ғабит Мүсірепов.
Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығының хронологиялық тәртібі
1902 ж 22 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жаңа жол» ауылында қазіргі Ғ. Мүсірепов атындағы ауыл дүниеге келеді
1908-1910ж ауыл молдасынан хат танып, діни сауатын ашады.
1916-1918ж Қостанай уезінің Обаған болысындағы екі сыныпты бастауыш училищеде оқуын жалғастырады.
1918-1921ж Пресногорьков жоғары бастауыш училищесінде білім алады.
1923-1926ж Орынбордағы жұмысшы факультетінде оқыды.
1927ж Партия қатарына өтеді. Омбы ауыл шаруашылығы академиясында білім алады.
1927-1928ж Бурабай орман шаруашылығы техникумында оқытушы болып істейді.
1928-1932ж Қазақ мемлекеттік ба ң бас редакторы қызметін атқарады.
1932ж 4 шілдеде Республикаға танымал адамдармен бірлесе отырып, халықтың басына төнген жай жайлы Қазақ өлкелік комитетіне “Бесеудің хатын” жолдайды.
1934-1935ж “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы қызметін атқарады.
1945ж “Қазақ батыры” повесі жарық көрді.
1950 ж “Қазақ батыры” повесі өңделіп, толықтырылып, “Қазақ солдаты” романы болып жарияланды.
1972ж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы.
1984ж Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
1985ж 31 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеден өтті.
2002ж 100 жылдық мерейтойы қарсаңында Сотүстік Қазақстан облысындағы бір ауданға, Астана қаласындағы көшелердің біріне, Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрына есімі беріліп, ескерткіші қойылды.
1. Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармашылығы туралы хронологиялық кесте жасап толтырыңдар

👇
Открыть все ответы
Ответ:
кака231
кака231
07.07.2021
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады.

Қазіргі таңда салт - дәстүрлеріміздің ұмытылып бара жатқаны және оны тек наурыз мерекесінде есімізге түсіретініміз маған ұнамайды. Бұлай жалғаса берсе түбі бір құртылмайтынына кім кепіл, кім куә? Жетпіс жыл бойы жетесіз әрі қанқұйлы тәртіптің қырсығынан ұлт дәстүрлерінің ережесі бұзылады. Біреулері ұмытылды, біреулеріне тыйым салынды. Салт - дәстүр мен әдет - ғұрыпсыз ел әдепсіздік пен берекетсіздікке салынуы мүмкін. Осындай зиянды жақтарды біле отырып мен жұдырықтай жүрегіммен қолыма қалам алып, салт - дәстүр арқылы қалай өзім секілді жеткіншектердің отанға деген патриоттық сезімдерін арттыра аламын деген ой қозғамақпын. Ел боламын десең бесігіңді түзе демекші ең алдымен отанға деген сүйіспеншілікті салт - дәстүрді түзеуден бастау керек. Бұл арқылы бала салт - дәстүрін білсе тарихын таниды, ал тарихын білу отанды тану. Бала түгіл үлкен адамдарда біле бермейтін салт - дәстүр түрлері өте көп. Солардың бір түрі белкөтерер салты. «Тоқсан көтеремін деген жасым бар еді, быламық ішемін деген асым бар еді» деп бұрынғы қариялар айтпақшы, жасы келген адамдардың тісі болған соң тамақ іше алмайды. Мұндай жағдайда оларға арнап «белкөтерер» тағамы дайындалады. Бұл әрі жұмсақ, әрі дәмді, нәрі мол тамақтардан дайындалады. Мұны балалары, көрші - көлемдер, сыйлас кісілер әдейі дайындап әкеледі. Бұған риза болған қарт батасын береді. Біз бұдан халқымыздың жасы үлкен адамдары сыйлаудың, бағып - қағудың үлгісін көреміз. «Белкөтерер» аурудан жаңа тұрған адамдарға, сол сияқты «Наурыз», «Айт» күндері де үлкендерге әдейі тартылады. Наурыз мерекесі жақындап келе жатыр. Осындайда жасы үлкен қарияларға белкөтерер дайындап берсек алғысын аламыз. Тек наурызда ғана емес әркез дайындап беріп тұрсақ салт - дәстүрімізге деген құрмет болар еді.

Біз балаларды қалай патриоттыққа тәрбиелей аламыз дейміз. Қай бала патриот болсын әз наурызды өз жаңа жылын асыға күтпесе. Орыстардың жаңа жылында аспанға түрлі - түрлі от шашулар шашып ат шапанын сүйретіп алыстан аяз ата келеді. Ал әз наурызда да Қыдыр атамыз келеді. Қыдыр ата жақсылық жасаушы ырыс, құт, несібе жасау, бақыт сыйлаушы қарт. Әр балаға Қыдыр ата келіп арман - тілектеріңді орындайды десек бала арманын айтып Қыдыр атаны сағынып күтеді және наурызды да асыға күтіп отырады. Отбасында ата - ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ақсақалдар жастарға салт - дәстүрлерін үйретіп, айтып отырса, ұтарымыз көп болар еді. Құрдастарымның, сыныптастарымның бойына қазақтың салт - дәстүріне деген қызығушылықты қалыптастырып, қазақ халқының салт - дәстүрі мен әдет - ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындырып, олардың бойына адамгершілік, имандылық қасиеттерін қалыптастыра алдым деп ойлаймын. Балалар, үлкенге – сәлем, қуантқанға – сүйінші, соғымнан – сыбаға, егіннен – кеусен, малдан – көгендік, балаға – базарлық, кішіге – байғазы, сәбиге – көрімдік, көрші қонғанға – ерулік, жетім - жесірге – қолқайыр, мүсәпірге – садақа, алғашқы қымыздан – қымызмұрындық, соңғы қымыздан – сіргежияр, сағынғанға – сәлемдеме, қуанышқа – шашу шашып ешқашан салт - дәстүрімізді ұмытпай, қазақ деген халықтың патриот ұрпағы болып атын шығара беріңіздер демекпін. Бұл жазылған шығармам біреуге жай сөз болып қалар, біреулерге қамшы болып тиетініне көзім жетеді.
4,8(79 оценок)
Ответ:
олегБро666
олегБро666
07.07.2021
Жер- әлемдегі ерекше планета. Адамдар біздің планетадан басқа әлемде не бар екенін ерте  заманнан бері білгісі келеді. Біз көп жетістікке қол жеткіздік, космосқа шықтық, Айда болдық. Космосқа бірінші қадамды Юрий Алексеевич Гагарин жасады. Оның кораблі "Восток-1" 1961 жылы он екінші сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды. Бұл ерекше оқиға болды, себебі жұлдыздарға жол ашылды. 
Байқоңыр ғарыш айлағы- дүниежүзіндегі ең алғашқы, ірі космодром. Айға ұшу алғаш рет 1969 жылы 20 шілдеде болды. Айға бірінші рет аяқ басқан адам Нил Армстронг болды. Жылдар өтті. Космоста жүздеген космонавтар болып үлгірді, біздің жерлестерімізде- Тохтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаевтар.
4,7(82 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ