1. Тәуелдік жалғау 2. Жіктік жалғау
3.Септік жалғау
4. Көптік жалғау
5.Сан есімнің жасалу жолдары
6. Сын есім, сын есім шырайлары
7. Етістік. Етістіктің шақтары
8. Есімдік. Есімдіктің түрлері
9. Зат есім. Негізгі және туынды зат есім
10. Үстеу. Үстеудің түрлері
11. Шылау. Шылаудың түрлері
12. Сөздердің байланысу тәсілдері
13. Сөздердің байланысу түрлері
14. Есімше
15. Көсемше
16. Лексика-грамматикалық омонимдер
17. Қаратпа сөздер
18. Қыстырма сөздер
19. Одағай сөздер
20. Айқындауыш. Оңашаланған айқындауыш
21. Қосалқа айқындауыш
22. Қосарлы айқындауыш
23. Сөйлем тұрлаулы мүшелері (бастауыш, баяндауыш)
24. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш)
25. Шешендік сөз өнері
26. Балғабек Қыдырбекұлы — танымал жазушы
27. Орталық Қазақстан — кенді аймақ
28. Шәкен Айманов - қазақ киносының атасы
29. Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы
30. Қадыр Мырза Әлі — философ , ақын
31. Ұлы Жібек жолы — сауда мәдениетінің өркендеу биігі
32. Отбасы және гендерлік саясат
33. Ұлықбек Есдәулет — ақын, қайраткер
34. Бердібек Соқпақбаев өмірі мен шығармашылығы
35. Мұхтар Шаханов өмірі мен шығармашылығы
36. Отбасылық құндылық
37. "Жасыл ел" бағдарламасы
38. Туған өлкенің экологиясы
39. Екі тіл білген-екі адам
40. Жұмыс пен табыс
41. Ыбырай Алтынсарин өмірі мен шығармашылығы
42. Ұлы даланың жеті қыры
43. Ұлттық өнердің тарландары
44. Қазақстандағы экотуризмнің дамуы
45. Сәкен Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы
46. Ілияс Жансүгіров өмірі мен шығармашылығы
47. Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылығы
48. Қабдеш Жұмаділов өмірі мен шығармашылығы
49. Сайын Мұратбеков өмірі мен шығармашылығы
50. Мұқағали Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
Еңбегі ештің күні кеш, тұзы сор.
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
Еңбегі көптің өнбегі көп.
Еңбегімен ер сыйлы,
Өнбегімен жер сыйлы.
Еңбегіне қарай — құрмет,
Жасына қарай — ізет.
Еңбегіне қарай өнбегі.
Еңбегіне қарай табысы,
Ерлігіне қарай дабысы.
Еңбегінен ел таныр.
Еңбегің болмаса елге өкпелеме,
Ықтасының болмаса желге өкпелеме.
Еңбегің егіз болса, байлығың сегіз болады.
Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады.
Еңбегің сайлы болса, ішің майлы болар.
Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.
Еңбек — ата, жер — ана.
Білім гауһар, бағасы жоқ.
Надандық кесел, дауасы жоқ.
Киіміне қарап қарсы алады,
Біліміне қарап шығарып салады.
Күш — білімде, білім — кітапта.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Білегі күшті бірді жығады,
Білімі күшті мыңды жығады.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл — тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.
Жаста оқыған оқуың — тасқа жазғанмен бірдей,
Егде тартқанда оқыған оқуың — мұзға жазғанмен бірдей.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Ұстаздан шәкірт озар.
Алтын алма, білім ал.
Ғылым — теңіз, білім — қайық.
Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.