Сонау замандағы ата-бабаларымыздың өздері де қазақ тілінің жойылуына аз қалған шақта жан аямай күресіп, қолдарынан келгенше тырысып,бізге, келешек ұрпаққа қазақ тілін аманат етіп қалдырды. Осы тілімізді біз ары қарай дамытып, жетілдіріп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіміз керек.
Өйткені, қазақ тілі – ұлттық, мәдени, рухани асыл мұра. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте,»-деп аталарымыз бекер жырламаған екен. Біз қазіргі таңда тәуелсіз, еңсесі биік мемлекетпіз.
Қарлығаш
Қарлығаш – айыр құйрықты, қанаттары ұзын, әрi үшкiр келетiн, шағын денелi қара ала құс. Қарлығаш сөзi «қара», «ала», «құс» деген сөздердiң кiрiгуiнен шыққан. Торғайлар отрядына жататын құс тұқымдасы. Басқа құстардан бiр айырмашылығы – жемiн ұшып жүрiп ұстайды. Суды да ұшып жүрiп iшедi. Бауыры ақшыл, арқасы қоңыр, жасыл жылтыр. Арктика мен Антарктидан басқа жердiң бәрiнде ме¬кендейдi. Бүкiл әлемде қарлығаштың 80 түрi бар. Оның 4 туысқа жа¬татын 5 түрi Қазақстанда кездеседi. Олар: жар қарлығашы, құз қар¬лығашы, қос реңдi қарлығаш, сепкiлтөс қарлығаш, кент қарлы¬ғашы.
Республикамыздың барлық жерiне тараған. Орман-тоғай, өзен-көлдер маңында, шөлдi және таулы өңiрлерден жиi ұшыратасың. Жыл құсы. Күз түсе, Африка мен Оңтүстiк Азияға ұшып кетедi. Жылына бiр рет, қыста түлейдi. Екiншi жылы ұрпақ бередi. Екi-екiден, кейде топ¬танып, шыңға, тiк жарға, кейде тұрғын үй қабырғаларына, ағашқа жапсыра ұя жасайды. Ұяны топырақ пен сазды сiлекейiн араластырып қалайды. Iшiне майда шөп, қауырсын, мамық төсейдi. Қарлығаштың кейбiр түрлерi жарға үңгiп iн қазады. Олардың тостаған тәрiздi, бетiн ашық етiп немесе қап, дорба тәрiздi етiп, кiрiп-шығатын тесiк қалдыра жасаған ұялары да бар.
Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды насекомдарды, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi.
Қарлығаштар жылына екi рет жұмыртқалайды. Алты-жетi күннен соң жасап бiтiрген ұясына 3-тен 7-ге дейiн жұмыртқа салады. Екi-үш аптада балапан басып шығарады. Балапандары алғаш қызылшақа болады. Балапандарына жем iздеуге шығарда ұядан құлап кетпесiн деп, аяқтарын қылмен байлап кетедi.
Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлы¬ғаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына Қарлығаш деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады. Мысалы, «Қарлығаштың құй¬рығы неге айыр?» ертегiсi, Төле бидiң қалай «Қарлығаш би» атанғаны туралы аңыз… Қарлығашқа қатысты көптеген ырым-жорамалдар да бар. Мысалы:
Қарлығаш биiктеп ұшса – күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса – жаңбыр жауады.
Қарлығаш жылы жақтан оралған кезде қораға қонса, қой егiз туады. Ақ мол болады. Ал үй жақтауына немесе шатырына қонса, сол үйдiң жан басы көбейедi. Түсiңде қарлығаш көрсең бақытқа кенелесiң…
Белгiлi қазақ ақындары қарлығашқа арнап талай жыр жазған.
Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы
Н. Назарбаев
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.