Кітапхана туралы диалог.
- Дана халқымыз «Кітап - алтын қазына» десе, ал кітапхананы өз басым іші қазынаға толы алтын сандыққа теңер едім.
- Ия, Маржан дұрыс айтасың. Сенімен толықтай келісемін. Бізді білім нәрімен сусындататын ғалым, тілсіз мұғалім – осы кітап. Тағылымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны орасан зор.
- Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Сенің ойыңша, осы мәселені қалай шешуге болады?
- Менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын.
- Ия, осы орайда мектебімізде де түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде. Мәселен, келер аптада ұлы Абай атамыздың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқудан әдеби кеш өткізілмек.
- Онда бұл шараға белсенді қатысу керек екен. Мен Абай шығармаланып сүйсініп оқып, көбісін жатқа да білемін.
- Әрине, қатысып көр. Оның үстіне жүлделі орын иелері қалалық байқауға жолдама алады.
- Ендеше бағымды сынап көрейін!
Басты бет Қазақстан тарихы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
29 Тамыз 2013 226207
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға, мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды.