М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
shefer84
shefer84
07.10.2021 16:11 •  Қазақ тiлi

Оқу хат-тапсырма. қанатты сөздерді оқыңыз. түсіндірме сөздіктің көмегімен қалың шрифтпен жазылған сөздердің мағынасын анықта. тіл туралы сүйікті мақал-мәтелдеріңізді жазыңыз. 1. жеті түрлі ілімді біл, жеті ұлттың тілін біл (мақал) 2. ана сүтімен өсіріңіз, ана тілінде өсіңіз (мақал). 3. көп тілді адамның жолы (С.шаймерденов). 4. ананың ақ сүтімен сіңген тілді ұмыту-біздің ата-бабаларымыздың тарихын, тарихын ұмыту (бауыржан Момышұлы). 5.ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ адамға ұқсайды... (Ғабиден Мұстафин).

👇
Ответ:
Anuraoaoap
Anuraoaoap
07.10.2021

1-Жүргізуші:

Танытқан қазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын,

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім.

Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары.

2-Жүргізуші

Армысыздар, құрметті көрермендер !

Елбасымыз Н. Әбішұлы Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақтың, жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл ғұмыры ұлт ғұмыры атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер! Ендеше келесі кезекті ғұмыры ұзақ тіліміздің тарихы туралы қысқаша бейне роликке кезек берсек.

1-Жүргізуші

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі неде деп ойлайсың Айғаным ?

2-Жүргізуші

Себебі, Ермахан тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

1-Жүргізуші

Бұл жанды тіл менің азат тілім,

Жадымда талмай самғар қанат тілім.

Жыры қуат, сөзі ана уызындай.

Жасай бер Ана тілім Қазақ тілім.

2-Жүргізуші

Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше келесі сөзді достарымызға берейік.

Өлең оқитын балалар ортаға шығады (Р ашида, Ерзат, Т.Мадина, Айғаным)

1-Жүргізуші

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуы, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық асыл мұраларын, тұрмыс салтын, үлгі - өнегесін жүзеге асыруымыз қажет. Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрінісінің белгісі болып табылады.

Ана тілін білмеуің, ананың арын төккендей,

Тілді бұзып сөйлеуің, өзіңді өзің сөккендей.

Тілде олқылық бой алса, тым алысқа бармассың,

Ана тілің жойылса халық болып қалмассың.

2-Жүргізуші

Сондықтан да, біздер, бүгінгі жастар, ана тілін біліп, құрметтеп, қастерлеуді өзімізге басты міндет етіп қоюымыз керек. Болашақта егеменді ел болып, халық болып қалу – қалмауымыз бізге, мына өсіп келе жатқан жас ұрпақ сіздерге тікелей байланысты. Осы айтылған тоқсан ауыз сөзімнің тобықтай түйіні ретінде кезекті - ақын “Мұқағали Мақатаевтың : Үш бақытым атты өлең шумақтарына береміз

Үш бақытым (Темірлан)

Ең бірінші бақытым – халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал, екінші бақытым – тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей кейде дүниеден түңілсем де

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем.

Оты сөнген жалғанда жан барсың ба,

Ойланбай – ақ кел дағы, от ал менен,

4,6(22 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
nargiz19821129
nargiz19821129
07.10.2021
Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты.Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады. Қазір интернетте дені дұрыс ойында жоқ, кілең атыс-шабыс. Міне, осының бәрі бала санасына әсер етеді.Компьютер мониторының кескіндері адам көзінің көру өткірлігін нашарлатады.Әрине, мұны барлығыда біледі. Сонымен қатар та компьютер алдында отырғанда бұлшық еттерді қажытады жәнеде омыртқаға зиян болады. Міне. мұның бәрі адам өміріне қауіпті әрі зиян. Мен компьютер алдында отырмасын деп айтпаймын тек 2-4 сағаттай керегіне жаратса, қалған уақытын пайдалы істермен өткізсе деймін
4,4(72 оценок)
Ответ:
Ulyana150806
Ulyana150806
07.10.2021
Алтыншы - тогызыншы ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемл. төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам , ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады.
4,5(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ