Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.
2 тапсырма
-Олжас,аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?
-Жоқ. Шынында да,не себепті олай?
-Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады.Бірақ басты шалқайтып,көкке көз тіксек,жүзін бұлт торламаған,ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.
-Бекбау,оның сыры неде екен,ә?
-Күннің шапағы қызыл,сары,жасыл,көк,қою көк секілді түрлі түсті болады.Осындай алуан түсті сәуле қалың ауа қабыты арқылы таралғанда,ауа сәулені ыдыратып,шашыратады.Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады.
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:
Бурабай дейтін елді-мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген. Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын өзі батырдың тірі кезінде елден абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған.