М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dyba
Dyba
03.02.2020 12:56 •  Қазақ тiлi

Тыңдалым және айтылым (1) 4. Тұманға берілген ғылыми анықтамамен танысыңдар. Оқылым материалымен ортақ ойды табыңдар. Ой бөлісіңдер ертенге дейін

👇
Открыть все ответы
Ответ:
kasper121314
kasper121314
03.02.2020
Мен болашақта кім болам дегенде бірден мамандықты ойлайсың. Бірақ, бүгін мен мамандық туралы емес, басқа туралы айтқым келеді. Маған анам әрдайым "қызға қырық үйден тыю" - деген мақалды жиі айтады. Жалпы баланы жастан тәртіпке бағынуды үйрету қажет, ал қазіргі заманда тәртіпке баулитын отбасы азайып барады. Ал, қыз баланың тәрбиесі ерекше болуы керектігін айтады. Өзіне анасы қатал болыпты. Анам өзіне бұндай тәрбиенің тек жақсылық сыйлағанын айтады. Мен болашақта көркем сөйлейтін, сүйікті ата-анамның борышын ақтайтын, сегіз қырлы, бір сырлы, қазақтың қыздары, міне осындай,- дейтіндей дәрежеде боламын. 
4,6(29 оценок)
Ответ:
Zhurenko13
Zhurenko13
03.02.2020
Оқу жылы аяқталып, асыға күткен жаймашуақ жаз да жетті. Соңғы қоңырауда мектеппен үш айға қоштасып, жаздың бал күндерінің қойнына еніп-ақ кеттік. Жаз - жылдың төрт мезгілінің ішіндегі ең жанға жайлы, тамаша мезгіл. Қаланың күйбең тіршілігінен шаршаған балалардың барлығы жаз шыға салысымен жазғы лагерьлерге, ауылына не басқа қалаларға қыдырып қайту үшін баруға асығып тұрады. Мен де бой жазып, сергу үшін тынысы кең ауылыма тартып тұрдым. Ауылым - Семейдің киелі Баршатас жері. Қаладан пойызбен аттанып, әрі қарай автокөлікпен ауылға қарай жүйіткіп келеміз. Ауылға кіре берер тұста ағаштар мен тарыдай шашылып жатқан үйлерді көріп, жүрегім жылып сала берді. Туған ауылдың құшағына еніп, өн бойымен зырлап бара жатқандағы күйдің өзі бөлек-ау, шіркін. Тұла бойым шымырлап, әр тасына дейін емірене қарап отырғанымда апамның үйіне де жетіппіз. Үйдің алдына тоқтаған көліктің дыбысын естіген туған-туыстарым жадырай дуалдың есігін ашып, мәз-мейрам болып қарсы алып жатыр. Көптен көрмеген жылы жүздер, көптен иіскемеген апам үйінің иісі, барлығы да бала көңілімді өмірге қайта келгендей шаттандырады.

Кіндік қаным тамған киелі өлкеге келіп, топырағын басып, ауасымен тыныстап, суынан құмарың қанғанша ішудің өзі қаншама жылдар бойы қала тірлігі шаршатқан денеңнің құрышын жазып, қала өмірі басқан еңсеңді тіктейді. Ауылдағы туған-туыстарымның үйіне сәлем беріп, әр үйде арқа-жарқа болып сыр тартысып, қойныңа сыймайтын қуаныш арқалаумен біраз күндер өтті. Достарыммен, көз көрген таныстарыммен кездесіп, балаша асыр салып, бұрынғыны еске түсіріп, тағы да бірнеше күннің қалайша лезде өтіп кеткенін де аңғармай қаласың.

Ауылдың табиғаты табиғат-ау, шіркін. Өзенге барып, Баршатастың басы аталатын Баршатас өзенінің таудың құшағына еніп, мамыражай аққан суына барып, рахаттана суға күмп бересің. Өзен жағасында отырып алып, қиырышық тастарды суға лақтырып, тасты емес-ау, құдды бір санаңды шырмаған тұманды ойларды, еңсеңді езгілеген қиындықтарды лақтырғандай боласың. Мұнан соң тауға шығып, кермиық кең даланың төсіндегі бір нүкте ғана бола тұра, осы бір даланы өзің ғана иемденетіндей құшағыңды айқара ашып әрлі-берлі жүгіріп, топырағына аунап, тұтас жерді қойныңа сыйғызардай боласың. Қырдан гүл теріп, жусанның көкірегіңді жарар иісін құшына иіскеп, балалықтың артта қалып бара жатқан бал күндерімен қайта табысасың. Тау басына шығып, күнге қарап көсіле отырып, алдағы күнге деген арман-мақсатыңды тізіп, бойыңа жігер жиясың.

Осылайша ауылдан қайтар уақыт та келіп жетеді. Қимастықпен қол бұлғап, қайтадан тынысы тар қаланың тірлігіне асығасың. Бірақ ауылда өткізген әр күннің өзі жанға шипа. Дәміл-дәміл есіңе түсіп, аңсатқанымен, бойыңа бір жылға жетерлік күш-қуат сыйлайды.
4,7(26 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ