1 мамыр жайлы диалог
- Алихан, сенің сүйікті мейрамың қандай?
- Мадина, мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін. Дегенмен, екі мейрамды аса қатты асыға күтемін: бірі – Наурыз мейрамы болса, екіншісі – 1 мамыр мерекесі.
- Наурыз - жыл басы, ол түсінікті. Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің?
- Себебі, бұл мереке ірі мерекелердің бірі, сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке.
- Ия, сенімен толықтай келісемін. Бұл мерекенің де маңызы зор екен. «Бірлік болмай, тірлік болмас» деп аталарымыз бекер айтпаған ғой.
- Дұрыс айтасың, бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым – Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады. Еліміздің республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық-мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді.
- Шынымен де, әрбір ұлттың рухани құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап, келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен.
- Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің?
- Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып, көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын!
1 мамыр жайлы диалог.

Әсіресе, 1937-1938 жылдары «шаш ал десе, бас алған» қызыл империяның жендеттері қазақ халқының оқыған көзі ашық азаматтарын қынадай қырып жіберді. Тек осы екі жылдың ішінде қазақтан 25 мыңнан астам адам жазаланып, атылып кетті. Күні бүгінге дейін сол құрбандардың көбісінің есімдері де белгісіз. Ал қуғынға ұшыраған оқыған көзі ашық азаматтардың бірден көзін жоюға асықты. Осыдан 80 жыл бұрын болған қырғын құрбандарын ақтау және жыл сайын еске алу күні ретінде бүгінгі 31-мамыр белгіленген болатын. Елбасы Н.Назарбаевтың осы күнді белгілеу туралы Жарлығының шыққанына да биыл 20 жыл толып отыр. Әрине, зұлмат жылдары зұлымдықтың құрбаны болған азаматтар жайлы көптеген естеліктер жазылып, олардың айтқан сөздері мен болашақ ұрпаққа арыз-армандары бүгінде естелік ретінде шығып жатыр. Солардың бірі белгілі журналист Берік Уәлидің «Алаш айтқан асыл сөз» жинағы. Осы кітаптағы тарихи деректерде келтірілген, ұлтщыл атанып, атылып кеткен ұлт қайраткерлерінің есімдерін біле отырыңыздар! Ұлт үшін құрбан болған азаматтардың есімдері ел есінде жүрсін, жадымызда жаңғырып тұрсын!