Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақтың ойшыл ақыны.
Тəуелсіздік ісіне, халықтың прогресс пен мəдениет жолымен дамуына зор үлес қосқан, парасатты, демократ, реалист ақын – Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 29 қазан айында Көкшетау облысы, Қызылту ауданында кедей шаруа отбасында дүниеге келген.
Ақын алты жасында молдадан сауат ашқан. Кейін Нұрғали Бекбауовтан дәріс алып, қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет-журналдарды оқуға дағдыланады. Ақын қысқа да қиын тағдыр кешкенімен, лирикалық өлең, публицистикалық очерктер мен мақалалар, 5-6 поэма, екі роман жазып үлгерген. 1912 жылдан бастап «Айқап» журналында өлеңдері жариялана бастайды.
Ақынның көп өлеңдері халықтың тұрмыстық жағдайына, кедейлікке, əсіресе сол кедейшілікте күн кешкен бейшара жандарға арналған. Оқысам, білсем, «еңбектің жемісін көрем деп емес, кейінгіге бір қолғабыс берем деп» жасаған жалынды жастың жанын қинап, азаптаған да осы кедейлігі еді.
Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Ол өзінің қысқа өмірінде қазақ әдебиетінде жарқын із қалдырды. Қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен, «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған», артынан өшпес атын қалдырған көрнекті ақын болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіп Баласағұнның құнды мұрасы, мәні мен мазмұны зор «Құтты Білік» дастанының әр жолдарындағы тәлім - тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастаны терең мәнін жолғалтпаған құнды шығарма. Оның таным- білігінің түпкі тамырына ой жүгіртіп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу - педагогика тарихын байытып, теориялық - практикалық мәнін арттырады.