Қазақ отбасындағы бата беру дәстүрі.
Қазақ халқы туралы айтқанда ойымызға бірден қонақжайлық пен бата беру ұғымдары келеді.
Халқымыз ақ батаға үлкен мән берген. Бата сұрау/ бата беру дәстүрі әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтаған салт-дәстүрдің бірі. Дана халқымыз батаға үлкен мән бергендігін "Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер" деген мақалынан түсінуге болады.
Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілік пен имандылыққа, әдептілік пен шешендікке баулыған. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді.
Әдетте жасы үлкен, елге сыйлы қариядан қол жайы, бата сұрайды. Үлкен кісілердің берген батасы қабыл болады деп сеніп, қарттардың көңілін табуға тырысады.
Қазіргі таңда ақ батаның шығу тарихы толығымен зерттелген жоқ. Жалпы батаның келесідей түрлері болады:
1. Нәрестеге бата
2. Асқа бата
3. Ұлға бата
4. Қызға бата
5. Келінге бата
6. Сапар бата
7. Жастарға бата
8. Сүндет той батасы
9. Наурыз батасы
10. Ораза айт батасы
11. Жарапазан батасы
12. Ас қайыру батасы т.б.
Отбасы — сыйластық , жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.
«Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю- отбасынан басталатыны рас!
Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.Адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады.Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.
Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар-ұятын , ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасы – алғашқы қадам.Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.