М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
macsimys1
macsimys1
14.11.2021 16:41 •  Қазақ тiлi

13-тапсырма қос жазба мәтіннің жуан жіңішке буынды сөздерді теріп алып косымшаларды жазылу сипатына түсініктеме жаз

👇
Ответ:
danilpov
danilpov
14.11.2021

Тілді, ойға, сөздің, сөйлем, білу, қою

4,4(90 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
mlk000100
mlk000100
14.11.2021

Объяснение:

Діншілдік ұлтшылдықтан қәуіпті ме?

Қазіргі қоғамда діншілдік пен ұлтшылдық қатынастарға көп көңіл бөлінеді.Себебі елдің бірлігі,ұлттың бірлігі,ынтымағы осы ұлтшылдық,діншілдік қатынастардың келісімде нығайып,бірлесуіне байланысты.Ұлтшылдық дегеніміз-әрбір жеке адамның өз ұлтына деген мақтаныш,жауапкершілік сенімі,құқық қорғау идеологиясы.Көп ұлтты мемлекет көп ұлтты саясатты енгізсе ұлты аз халықтар өздерінің ұлттық жеке қасеттерін еркін түрде білдіре алады.Енгізбеген жағдайда ұлтшылдықтың қәуіпті тұстары белең алып,ел бірлігіне қәтер төнуіде мүмкін.Мысалы :Қазақстан көп ұлтты мемлекет.Қазақстанда тұратын өзге ұлттардың тілі мен мәдениетіне жағдай жасалған.Ал діншілдікке келетін болсақ,Қазақстанды алсақ 2009жылғы санақ нәтижелері бойынша мұсылмандар-70,19,% христиандар-26,17% екен,қалғандары басқа дін иелері екен.Дәстүрлі діндердің барлығы дерлік сүйіспеншілік,жанашырлық, кешірімділік қасиеттерді алға тартады.Дінсіз қоғам болмайды және қоғамымызда діни сана үнемі бола бермек.Дін мен қоғамды бір-бірінен ажырата алмаймыз.Қоғамымызда діни-саяси экстремизм бар екендігі өкінішті.Діни-саяси экстремизм ешқандай ымыраны мойындамайды,ортақ келісімнен бас тартады,ешқандай саяси пікірлермен, өздерін қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болсада,ешқайсымымен санаспайды.Дінге қатысы жоқ іс-қимылдар жасап,лаңкестік істермен айналысады.Лаңкестер қарулы топ құрып,дін мен ұлттық қайшылықтарды қоздырып,елдерді өзара өшіктірумен,адам құқығын бұзумен айналысады.Шектен шыққан мұндай жағдайлар яғни экстремизм мемлекеттердің ұлттық қәуіпсіздігіне нұқсан келтіріп,дінаралық жағдайдың ұшығуына әсер етіп отыр.Экстремистер қай діннің атынан өз істерін жасаса сол дін көп зиян шегеді.Сөзімді қорыта келгенде айтарым:Діншілдік ол-лаңкестік,экстремизм жағдайында болса ұлтшылдықтан қәуіпті.

4,7(45 оценок)
Ответ:
nyusha1990
nyusha1990
14.11.2021

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай а ң туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.

Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек.

4,5(90 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ