Төр - үлкен адамдар, қонақтар отыратын сыйлы орын.Қазақ үйге келген қонақты "Төрлетіңіз" "Төрге шығыңыз" - деп қарсы алады.Қонаққа көрпе төсеп, жастық қойып, төрге отырғызып құрмет көрсетеді.Қазақ халқы төрге қарт адамдарды отырғызады.Қазақта "төріңнен қарт кетпесін" деген сөз бар.Төрде қарттар, одан төмен жастар отырады.Дастарқанға қарт кісілер бата береді
Жаз маңдайы жарқ етсе, Көтерілді көңілім. Жек көрмедім сендерді, Серуендеді серігім. Жаз маңдайы жарқ етсе, Қаз - құстары қаңқ етер, Кімнің жылытпас көңілін. Егіншілер сайлады Мойынтұрық, самиян, Ат, атан, өгіз - көлігін. Жер киініп, құс келіп, Мына жылы шуақта, Жан - жануар бір алды, Басындағы бөрігін. Қыстайғы науқас қара жер, Шығарды ауру - өлігін. Бозбалалар ат ұстап, Аударысып жарысып, Бастады тағы желігін. Бойжеткен қыз, келіншек, Топтанып, сапқа тізіліп, Бүйрегінен бүлкілдеп, Әзілдесіп, езіліп, Суға түсіп жабырлап, Жарқ еткізіп өңірін. Диқаншылар қуанып, Балалар мәз боп қуанып. Тұқымның шашты төгінін, Боталы түйе,қозылы қой, Құлынды бие, буаз мал, Толтырды кекпен желінін. Саятшы, мерген іздеп жүр Таудың ұлар, елігін. Жаз - құдаша келді де, Қыстың зәрін тарқатты. Жаз - құдаша жарқылдап, Жер бетіне көк көрпе Салды дағы отырды. Жаз-құдаша Мен шаттанып қуандым Түскендей - ақ келінім. Қуансам да мәз болып, Қолайсыз уақ кез болып, Табиғат жасап таршылық Қолдан тартып ап кетті, Күткен құдашамыздың, Төрт - ақ ай ғып өмірін.
Нан –қасиет, Нан – береке, Нан – мереке. Ас адамның арқауы. Таңғы асты тастама. Дастарқанның басында дұшпан да дос. Атың барда – жер таны желіп жүріп, Асың барда – ел таны беріп жүріп. Берген ас түске жетпейді, Ниет естен кетпейді. Жоқты бар десең – құт болар, Барды жоқ десең – жұт болар. Сыйлап берсе суын іш. Тату үйдің тамағы тәтті. Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Жарлының бір тойғаны шала байығаны. Сыйласқанның суын іш. Жейтін ауызды жемес ауыз байлайды. Аштың ақылы астан әрі аспайды. Шай ішіп үйренген, қымыз деп