Кітап асыл қазына .Кітап оқу арқылы адам өзін рухани байыта алады . Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры мол болады, себебі кітапта нағыз мағыналы, мәнді сөздер жазылады . Кітаптың түрлері өте көп . Қандай да бір пәнді оқыту мақсатында жазылған кітаптар, яғни мектеп оқушысына арналған . Сонымен қоса ақын жазушылардың жеке шығармалар жинағы жазылған кітаптары да бар. Кітапты барлығы оқуы керек, онда адамға қажетті ақыл -кеңестер өте көп . Кітапты жағып жібергеннен де жаман іс бар, ол кітапты оқымау . Және де әр адам кітапты ұқыпты, таза ұстауы міндетті .
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана».