Жол ережесі
Жол қауіпсіздік ережелерін бәріміз де сақтауымыз керек, ол ең алдымен өзіміздің қауіпсіздігіміз үшін. Жаяу жүргінші де, көліктегі жүргізуші де ережеге сай жүруі шарт.
Балаларды кішкентай күнінен бастап, жол қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету керек. Жолдан бағдаршамның тек жасыл шамы жанғанда ғана өтуге болады. Бағдаршам жоқ болған жағдайда, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өту керек. Бірақ соның өзінде абай болып, ең алдымен жолға шықпас бұрын сол жағымызға қарап, машинаның жоқ екеніне немесе тоқтағанына көз жеткізіп қана өтуге болады.
Ал көліктегі жүргізуші болса, жол белгілеріне сай жүріп, оларды бұзбау керек. Жаяу жүргіншіліерге арналған жолға жақындаған кезде көліктің жылдамдығын азайтып, жүргіншілер болса, соларды өткізіп, сосын жүруіне болады.
Менің сүйікті тағамым
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...
Менін сүйікті актерім - Джозеф Леонард Гордон-Левитт. Джозеф Гордон-Левитт - американдық актер, екі "алтын глобус" сыйлығының номинанты.
Джозеф Гордон-Левитт 1981 жылдың 17 ақпанының Лос-анджелесте туды. Оның отбасысы еврей болды, әйтсе де қатал діни болып табылмады. Джозеф актерлік мансапты 1992 жылы бастады. Оның бірінші фильмі «И катит воды река».
2010 жылы Гордона-Левитт басты рөліндегі Леонардо ди Каприомен "Начало" атты киносында түскен.2010 жылы Хэшер" атты кинода Наталимен Портманмен ойнады
2012 жылы режисер Кристофер Ноланның «Тёмный рыцарь: Возрождение легенды» фильмінде детектив Джон Блэйк рөлін ойнаған. оның қатысқан әр киносы танымал болып, естен көп уақытқа кетпейді
Жолда жүру ережесімен балалармектепке не балабақшаға алғаш келген сәтінен таныстырылады. Себебі жолда жүру ережесін сақтау өте маңызды. Балалар жолдан өткенде әсіресе абай болуы қажет. Бағдаршам тілін үйрету де қажет. Ал жол бойындағы тақтайшалардағы түрлі белгілер ол жаяу жүргіншілерге арналмаған, олар көлік жүргізушісіне арналған тақтайшалар. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі