М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dimasimakov
Dimasimakov
12.01.2022 16:21 •  Қазақ тiлi

Как переводится сказка қаңбақ шөл на язык?

👇
Ответ:
uspenza
uspenza
12.01.2022
Старик перекати поле
4,8(13 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
buraya1989
buraya1989
12.01.2022

Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дененің табиғатына, оның бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. Бізге көрінетін денелердің басым көпшілігі өзінен жарық шығармайды. Егер жарық сәулесі түсетін бет жалтыр, тегіс болса (яғни түскен сәуле толқынының ұзындығы беттің бұдырларының биіктігінен үлкен болса), онда Жарықтың шағылуы айналық (“дұрыс”) шағылу деп аталады. Мысалы, беті мұқият тегістелген металдан Жарықтың шағылуы айналық шағылу болады. Айналық шағылу кезінде мынадай заңдылықтар орындалады:

1) шағылған сәуле түскен сәуле мен шағылдыратын бетке түсірілген нормаль арқылы өтетін жазықтықта жатады;

2) сәуленің шағылу бұрышы () түсу бұрышына () тең (=), түскен және шағылған жарық сәулелері өзара қайтымды болады. Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық жан-жаққа шашырайды. Жарықтың осылай шағылуын диффузиялық (шашырап) шағылу деп атайды. Мысалы, кәдімгі қағаз беті жарықты шашыратып шағылдырады. Диффузиялық шағылуда денеден шағылған сәулелер жан-жаққа таралатындықтан, ол денені біз барлық жақтан да көре аламыз. Жарықтың айналық шағылуы кезінде шағылған жарық толқыны түскен және сынған толқындармен когерентті болады. Сондықтан түскен және шағылған толқындар бір-бірімен интерференциялануы да мүмкін. Жарықтың шағылуы кезінде жарықтың полярлануы да байқалады. Жарық шағылатын бет түсінің оны жарықтандыратын жарықтың түсімен бірдей болмауы да осыдан. Шағылған жарық қарқындылығының түскен жарық қарқындылығына қатынасы түскен жарықтың толқын ұзындығына тәуелді. Егер жарық сәулесі оптикалық тығызырақ (n1) ортадан оптикалық тығыздығы (n2) кемірек (n2<n1) ортаға өткенде мына шартты: sіnn2/n1 қанағаттандырса, онда толық ішкі шағылу құбылысы пайда болады.

Объяснение:

4,8(7 оценок)
Ответ:
lahtina195454
lahtina195454
12.01.2022

ответ:Болашақ ғаламат, келешек ғажайып... Естіген құлақтың өзіне ерекше жағымды әсер сыйлайтын сөздер. «Болашақ» деген сөзді тамсанбай, жай айту мүмкін емес. Бәлкім, қанымызда бар қасиет шығар. Бірден көз алдымызға сағымдай бұлдыратып, әр нәрсені елестете бастаймыз.

Әркім – өз өмірінің суретшісі. Сондықтан да әр тұлға өз болашағын өзінше керемет қып суреттейді. Таңның атысы, күннің батысы төрт түліктің соңында жүрген ескі қазақ «өз қолы өзіне жеткен өмірді» аңсаған болар. Табаны тоз-тоз боп, «Елім-айлап» босып жүрген қазақ жауды жайпап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды тәтті қиялымен елестеткен болар. Көзі ашылып, көкірегі ояна бастаған зиялы қазақ азаттық, теңдік алар күнге үмітпен қараған болар... Біздің бабаларымыз не қиындық көрсе де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті емес пе? Ендеше, сол күн туды. Азаттықтың ақ таңы атты! Күні ертең тарихтың бетіне жазылар өтпелі бүгіннің көшіне, үміт еткен жастар, біз шықтық. Бүгінгі біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ.

Объяснение:

4,6(61 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ