Менің сүйікті қалам - Шымкент. Ол - Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы. Басқа облыстарға қарағанда халық өте көп шоғырланған. Өйткені климаты жылы, ауа-райы жайлы болып келеді. Қаламыздың көкорай шалғын шөптері, ағаштары, жайқалған гүлдері оны одан әрі әсем етіп, көркем етіп көрсетеді. Шымкентті «жасыл қала» деп аталуының бір себебі де осы. Шымкенттің айналасында Бадам және Арыс өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары: Түркістан, Отырар, Сайрам, Төлеби, Мақтарал, Бәйдібек, Ордабасы т.б. жатады.
Шымкент сауда-саттық жағынан да жақсы дамыған. Шымкентте бірнеше завод, фабрика, өндірістік орындар бар.
Шымқаланың орталығында көптеген саябақтар, ойын-сауық орталықтары, зообақ, цирк, сауда орталықтары бар. Саябақтарда көптеген тарихи мүсіндер қала көркіне көрік қосып тұр. Атап айтқанда: Абай саябағында А.Құнанбаевтың мүсіні, облыстық сот алдындағы үш бидің мүсіні, Ұлы сазгер-композитордың құрметіне салынған Шәмші аллеясындағы Шәмші Қалдаяқовтың мүсіні, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің құрметіне салынған ескерткіш тастар бар.
Мен Шырайлы Шымқаламды шын жүрекпен сүйемін!
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2]
Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.