М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
elviracernosazo
elviracernosazo
19.03.2020 05:23 •  Қазақ тiлi

16. Гетів і тиісті дауыс ырғағы rea oы. Мен тыныс алуға сал кідірдім. Отырғандар мадақтап а аrенеті. — Ой, азаматы! - Мынау бір өнері бала ғой! - Катырып оқиды екен! Тамаша оқиды екен! – деп қолпаштап жатыр. Міне, жыр да окылып бітті. - Ой, көп жаса! - Бір жасын мың болсын! Өнеріме сүйсінген жұрт: Кәне, енді Қобыландыны оқышы! – деп өтініш жасай бастады. Бердібек Соқпақбаевтан

👇
Открыть все ответы
Ответ:
Diana12345678910123
Diana12345678910123
19.03.2020

1. С) туған жер, Отанға деген сүйіспеншілік

2. В) оққа ұшпайтын марал

3. Ә) Қасен

4. С) Иван Гаманға хат әкеле жатыр

5. С) Ауыл балаларының газетке деген қызығушылықтарының оянуы

6. Абылайдың Қанай биге "Баянсыз қанатымды қалай жаям ? " деуінің себебі алаштың ардагері Батыр Баян. Баян Жоңғарларға қарсы күреске қатысып Батыр Баян атанып кеткен . Тапқырлағы мен ержүретігінің арқасында Абылайдың көзіне түскен батыр.

7. Көксеректі ауылдағы иттердің бәрі жақтырмайтын, оның себебі көксерек қасқыр болатын. Ол бөлтірңк кезінде ауыл иттерінен қанша таяқ жеседе ынқ етпейтін. Қазір көкжалға айналды. Урпиген сур жундері, көзі өткір, қырағы, турі сусты, тістеген жерін жулып алардай.

8. “Тәмпіш қара” повесіндегі кейіпкер Шаншатайдың бойынан әдептілік, ұқыптылық, тазалық, кішіпейілділік пен сыпайылық секілді асыл қасиеттерді байқадым.

9. Менің ойымша Гитлер СССР кезіндегі ең жауыз адам. Мен оның жауыз істерін теледидар, газет, журналдардан оқығанмын. Ол ешкімді аямайды кіші немесе үлкен деп аяушылық істеген жоқ. Ананы баладан,баланы анадан айырып талай көз жасын төккен жауыз. Ол кішкентай сәбилердің жастық шағын жояды.

10. Мұнда ең алдымен өткен тарихты білу оны құрметтеу мəселесі көтеріледі. Небір қиын қыстау күндерде,ел басн қара тұман тамшылаған шақтарда отаны үшін өзім құрбан еткен ер-азаматтар қаншама. Оларды ұмыту үлкен күнə деп есептеуге болады

11. Қасаболатұлы Баян (шамамен 1710/15–1757 ж. ж.) – бүкіл өмірін қазақ жұртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі, батыр. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше құрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, «Батыр Баян» атанған. Батыр Баян жөніндегі деректерді Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруге болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі. Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетей мен Тәтіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетей жыраудың «Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту» атты толғауында былай делінген: Қара керек Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай қырмап па еді жауыңды, қуантпап па еді қауымды, ұмыттың ба соны Абылай?! Бұл толғаудан батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. Тәтіқара толғауында: Бөкейді айт Сағыр мен Дулаттағы, Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы. Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, тұлғалы азамат болғанын дәлелдейді. Жырдағы Сары — Баянның ағасы. Шоқан Уәлихановтың «Исторические предания о батырах XVIII века» атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлұматтар бар. Мұнда да Баянның ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады. Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың әскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бұл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін құтқарады. Шоқанның айтуынша, Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған

4,4(61 оценок)
Ответ:
howl111
howl111
19.03.2020

Алаш қозғалысы – ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында Ресейлік басқару жүйесінің күшейе түсуі, Ресейден көшіп келушілердің күрт артуы, қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы бел ала бастады. Ендігі жерде қазақ халқының өзін-өзі сақтап қалуы үшін күресті күшейту мәселесі туындады. Бірақ енді зардабы көп қарулы көтеріліс жолымен емес, ұтымды саяси жолмен күрес жүргізу қажет еді. Осылайша Бірінші орыс төңкерісі жолдарында қазақ халқының мүддесі үшін күресті бастаған қазақ зиялыларның әрекеттері кейініректегі Алаш қозғалысының бастамасы болды.Ә.Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов жетекшілігімен ұлттық зиялылар ұлт азаттығы үшін саяси күрес жолдарын меңгере бастады. Олар түрлі қозғалыстарға қатысып, үгіт-насихат жұмыстары үшін газеттер, кітаптар шығаруды жолға қойды. 1911 жылдан «Айқап» журналы, 1913 жылдан «Қазақ», артынша «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ақжол» газеттері ұлт-азаттық күрес жолын айқындауға қызмет етті. Алаш қозғалысы- қазақ елінің өзін- өзі басқару және біртіндеп дербес мемлекет құру, қазақ жерлеріне қоныс аударуға шек қою, адам құқын қадір тұту, экономиканы дамыту, қазақ тілінің беделін арттыру жолындағы күресті басты мақсат етті. Алаш қозғалысы арқасында 1917 жылы қазақ комитеттері, Түркістан автономиясы және Алашорда үкіметі құрылды. 1917 жылыпайда болған бұл саяси құрылымдар большевиктер тарапынан күшпен таратылды. Алаш қозғалысының барлық жақтаушылары қуған-сүргінге ұшыратылып, өлім жазасына кесілді. Бірақ Алаш қозғалысынан басталған ұлт-азаттық қозғалыс күштері саяси күрес сахнасынан бірден кете қойған жоқ. Одан кейін ұлт-азаттық жаңа сипатта Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, С.Спандияров, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев сынды зиялылар қызметінде жалғасын тапты. Алайда тоталитарлық билік оларды Алаш қозғалысы ізбасарлары ретінде жаппай жазалады. Сөйтіп, Бірінші орыс төңкерісінен бастау алатын Алаш ұлт-азаттық қозғалысы 30-жылдарға дейін жалғасты.

Объяснение:

жазылып қой.

4,4(78 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ