21. Мәтін тақырыбына сай келмейтін бөлікті алып тастап, оны қайта құрастырып жаз.
11
Көптен бері қора сыртында екі
таяқ жататын. Екеуі дос еді.
Морж - сойдақ тісті полярлық
мақұлық. Ол шаян бақалшықта-
рын қазып жеп қоректенеді.
Бір күні Қалтай біреуін қазық
қып қағып, бұзауын арқандады. Сол-ақ екен, әлгі
таяқтың көкірегіне нан пісіп* шыға келді. Өйтпегенд
ше? Қазық болып, пайдаға жарады ғой.
Балтабай әділо
• Құрастырған мәтiнiңе ат қой.
Болымды етістік
Етістік негізгі түбірде де, туынды түбірде де қимылдың іс-әрекеттің болуын білдіреді. Сондықтан етістік негізгі я туынды түбір күйінде болымды мәнді білдіреді. Оларды болымды етістік дейді. Етістіктің түбірі бұйрық райдың жекеше анайы II жақ тұлғасымен сәйкес келеді.
Мысалы: кел-ді — сен кел, бер-ген-біз — сен бер т. б. Бірақ бұл екеуі бір емес, Етістік шақ, рай т. б. тұлғаларда жұмсалғанда, оның түбіріңде бұйрықтық мағына болмайды. Мысалы: (мен) ойна-сам, (ол) көр-іпті, (сен) айт-қансың т. б.