-Сәлем!
-Сәлем!
-Сенде электронды пошта бар ма?
-Иә,бар.Ал сенде?
-Менде де бар.
-Электронды поштаның көмегі қандай?
-Электронды пошта арқылы әртүрлі адамдар, көптеген ұжымдар бір-біріне электронды мәтін жіберіп,хабар алады.
-e-mail сөзі қандай тілден енген?
-e-mail сөзі ағылшын тілден енген.
-электронды поштаның зиянды жақтары бар ма?
-Иә,бар
-мектепке сенің сабағың үшін қажеті бар ма?
-Әрине бар.Көптеген ақпаратын мен ғаламтордан аламын.
-Сұрақтарыма жауап беруіне үлкен рақмет.Сау бол!
-Сау бол!
Өнер алды қызыл тіл.
Тіземнен сүріндірсең, сүріндір,
Тілімнен сүріндірме.
Тіл - буынсыз, ой түпсіз.
Тіл жүйрік емес, ой жүйрік.
Тіл қаруы - сөз,
Сөз қаруы - ой.
Тіл – шекер,
Бала – кетер,
Байлық – бекер.
Тіл жүйріктен де озады.
Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім.
Ана сүті бой өсіреді,
Ана тілі ой өсіреді.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Шебердің қолы ортақ,
Шешеннің тілі ортақ.
Тіл буынсыз, ой түпсіз.
Ат жүйрігі айырады,
Тіл жүйрігі қайырады.
Тіл – тиексіз.
Басқа пәле – тілден.
Ат жүйрігі асқа,
Тіл жүйрігі басқа.
Піл көтермегенді,
Тіл көтереді.
Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.
Тіл қылыштан да өткір.
Бал тамған тілден у да тамар.
Туған ел - түғырың,
Туған тіл – қыдырың.
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.
Бас кеспек болса да,
Тіл кеспек жоқ.
Ең тәтті де - тіл,
Ең ашты да - тіл,
Ең жұмсақ та - тіл,
Ең қатты да - тіл.