ір сезi бөлек жазылады. орт жарым, отыз екі жарым жиырма бір, кара ала кек auno кара көк, ак, сұр, құла коска, кола жирен, торы mебел, ак шабдар 3-тапсырма. Мәтінді окып, мазмұнын түсіндіріп айт. Бірге сене бөлек жа- зылған сөздерге көңіл бөл. Марканың жағасы ерте кеуіп, ерте көктеді. Жауқазыны карды жарып шыға беретін тау бөктерінің былтырғыдан қалған күреңсесі күлтеленiп, каулай тебіндеп келе жаткан көкпен араласып, ала- шабырланып жатыр. Тау ішінде көкжиек жакын болады. Тауда тұрғанда аспан да аласа көрінеді. Сол көктемгі көкжиек - коп-кою жалкынды сағым іркіліп барып, әлгі көк күмбезімен көмкерілген. Жазғытұрымның кірбіңсіз ашық аспаны мөлдіреп, көлде көрініс беріп тұр. Кілкіген жұкалан мұнар арасынан оқшау көрініп, мұнда- мұндалап аппақ болып жататын Тарбағатай шың-құздарын ұзын- нан-ұзақ созылған жіп-жіңішке ақ бұлт екіге бөліп, аспан тауына ұқсайтын. Енді-енді бүршік атып, көктемнің шуағына алаканын жая бастаған орман соңғы нөсерден жаңа ғана ес жиып бусанады. Көктемгі ауада сарай ашар жағымды саумал иісі бар. Сымпылдай ұшып келген бір топ шүрегей Маркакөлдің айдынын төсiмен тіл гілей қонды да, мамырлап жүзе жөнелді. (О. Бөкей
Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.