Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар! Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек. Біреуді ызаландырмақ - шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен?
Жүйрік ат - кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те - кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе. Күшті жігіт те үнемі бір елден шыға ма? Кейде ана елден, кейде мына елден шығады. Мұның бәрін адам өз өнеріменен жасаған жоқ. Бір озған, бір жыққан үнемі озып, үнемі жығып жүрмейді. Соның бәрін де біле тұра, жерге кіргендей болып я бір арамдығы, жамандығы шыққандай несіне ұялып, қорланады екен?
Енді осылардан білсеңіз болады: надан ел қуанбас нәрсеге қуанады һәм және қуанғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастыққа кез болып кетеді. Һәм ұялғандары ұялмас нәрседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Мұның бәрі - надандық, ақымақтықтың әсері. Бұларын айтсаң, кейбіреуі «рас, рас» деп ұйыған болады. Оған нанба, ертең ол да әлгілердің бірі болып кетеді. Көңілі, көзі жетіп тұрса да, хайуан секілді әуелгі әдетінен бойын тоқтата алмайды, бір тиянақсыздыққа түсіп кетеді, ешкім тоқтатып, ұқтырып болмайды. Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің.
Көрнекті қазақ жазушысы, драматург және ғалым. Қазақ КСР ҒА академигі (1946), Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы.
Әуезов отбасы Абай Құнанбаевтың отбасымен туыстас болған, Мұхтар Әуезовтің атасы Абай шығармашылығының досы әрі қадірлеушісі болған. Мұхтар Әуезов орыс мектебінде, мұғалімдер семинариясында, Ленинград (Санкт-Петербург) университетінің филология факультетінде, Орта Азия университетінің аспирантурасында білім алған.
Революцияның басында Мұхтар Әуезов Қырғыз Республикасы ОСК жауапты хатшысы қызметін атқарды, Колчаковщина кезінде Семей облысындағы Колчакпен күреске белсене қатысты. Әуезовтің ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаевтың өмірі туралы "Абай жолы" роман-эпопеясы совет әдебиетінің көрнекті туындысы болып табылады. Романда XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы өмірінің күрделі көрінісі көрсетілген. Қазақстан әдебиетінде Мұхтар Әуезов драматург ретінде құрметті орын алады. Әуезовтің алғашқы және ең алғашқы шығармасы-"Еңлік-Кебек" пьесасы болды, ол екі жастың қайғылы тағдыры туралы халық аңызына негізделген, сюжет Шекспирдің "Ромео мен Джульетта"пьесасындағы Монтекки мен Капулеттидің отбасы араздығы туралы оқиғаға ұқсас.