Қазақ елінің еркіндігі, тәуелсіздігі үшін тарихта ерекше орын алатын көтерілістер: Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы, Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманұлы бастаған және 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістер болды. Сонау «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманынан бастап, қынадай қырылған 1930-1933, ел тізгінін ұстаған азаматтардан 1938 жылдарына дейінгі аралықта халқымыздың осынау кең жақан далада өмір сүруі, тарих бетінен ұлт болып жойылып кету қаупі төніп тұрған еді. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса, Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген бабаларымыздың есімдері алтын әріппен тарихта қалды.
Аяз би - қазақ ертегісі.
Ертегідегі Жаман – қазақ ауыз әдебиетіндегі ел басшысының үлгілі бейнесі. Ол – қарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген, тапқыр, кішіпейіл, іззетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл. Бұл қарапайым халық бұқарасының «елді осындай адам басқарса» деген арманынан туған бейне.
Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.
Өмірдегі реалды нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегі жанрының өзіндік қасиеті болғандықтан, ертегіші де оның мазмұнын барынша әсірелеп көрсетуге, сырлы да ғажайып етіп көрсетуге күш салады. Мәселен, «Аяз би» ертегісіндегі ханның әлсіз, жоқ-жітік, жаман қойшының ақыл-парасатын мойындап, оған хандық тағын сыйлап беруі өмірде әсте болуы мүмкін емес жағдай. Бірақ ертегіші осылай баяндайды, тыңдаушы оған иланады. Өйткені ертегіні айтушы да, тыңдаушы да өмірде бір рет болса да солай болғанын қалайды, соны армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың «ел басқаратын адам осылай болу керек» деген арманынан туған Арман ханы, ел билеушіге тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі деген орынды.
Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. Өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі Отандық брендтер.
Әлемдік нарықта көптеген елдер отандық өнімдерімен тауар алмасып отырады. Бүгінде әлемдік тауар алмасуда әртүрлі, дамуы мен мәртебе жағынан сан қилы елдер кездесіп жатады. Соның ішінде өнеркәсібі дамыған, жаңа индустриалды елдер қатары бар. Олар әрине, АҚШ, Германия, Жапония, Франция т.б. сияқты елдер. Аталмыш нарықта Қазақстан Республикасының да алатын орны бар. Біздің еліміз бірнеше әлемдік ұйымдарға мүше болып табылады. Осындай деңгейде, отандық өнім шығаруда да, ел экономикасына оң өзгерістер әкелуде.
Еліміздің брендтік тауарлар өндіруі бойынша әлемдік тауар айналымындағы дәрежесі қандай? Жалпы өзге елмен салыстырғанда жер көлемінен де, халық тұрмысының жағдайы да алдыңғы қатарда десе артық айтпағанымыз болар. Тәуелсіз ел болып қалыптасқаннан бастап, елдің өз теңгесі, экономикасы өмірге келді. Алайда 25 жыл ішінде әлемдік нарықта айтарлықтай орын алдық па? Не себепті, әлі күнге дейін шет елдік тауарларды пайдаланамыз? Отандық өнімнің сапасы төмен болғаны ма?
Отандық тауарлар қолжетімді болғанымен бағасы жағынан аса қымбат. Себебі, кейбір техниканың жетіспеуінен шет елдерге жіберу арқылы өңдеу мәселелері көтеріліп отыр. Бұл кәсіпкер үшін де тиімсіз болып табылады. Бұдан шығатын қортынды, отандық сапалы өнім өндіру үшін ең алдымен, қабілетті мамандар мен техника қажет. Осындай мәселелердің көтерілуі нәтижесінде елбасымыз отандық кәсіпкерлерге үлкен жағдай жасап отырғаны мәлім. Яғни, үлкен көлемде қаражатты несиеге беріп, өз кәсібін бастаймын деушілердің қолтығынан демеуде.