Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Азан шақырып қойған аты – Әбілмағжан.
Атасы – Жұмабай қажы. Әкесі Бекен саудамен айналысқан дәулетті адам болған. Бекен өжет, өте пысық еді. Қоянды базарына жиі қатынайтын. Сол ұзын жолда ыңылдап өлең шығарады екен. Отыздың бел ортасында елге билік айтуға қолы жетті, болыстыққа сайланды.
Анасының есімі – Гүлсім. Гүлсім – Қызылжарда тұратын керей Әшірбек (Әшірбектің ағасы Құрманбайдан Мағжанның болашақ әйелі Зылиха туады) деген саудагердің қызы. Мағжан бойындағы серілік, ақындық қасиеттер әкеден болса, жүрегінің жұмсақтығы, нәзіктігі, жолдас, достыққа қалтқысыздығы, жұртқа қайырымдылығы осы шешесінен деседі.
Мағжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1905-1910 жылдары Қызылжардағы №1 мешіт жанында белгілі татар зиялысы, мұсылман халықтарының азаттығы жолында күрескен М.Бегишевтің ұйымдастыруымен ашылған медреседе оқыды. Медреседе Бегишевтен Шығыс халықтарының тарихынан дәріс алды, қазақ, татар әдебиеттерін, Фирдоуси, Сағди, Хафиз, Омар Һайям, Низами, Науаи секілді шығыс ақындарының дастандарын оқып үйренді.
1910-1913 жылдары Уфа қаласындағы "Ғалия" медресесінде білім алды. Онда татар жазушысы Ғ. Ибрагимовтен дәріс алып, белгілі қайраткер С.Жантөринмен тығыз қарым-қатынас орнатады, болашақ көрнекті жазушы Бейімбет Майлинмен танысады.
Ибрагимовтің көмегімен 19 жасында Қазан қаласында "Шолпан" атты тұңғыш өлеңдер жинағын басып шығарады. Бұл 1912 жылы болған еді. Содан бастап Жұмабаевтың есімі Омбы, Петропавл, Семей қалаларындағы әдеби қауымға мәшһүр болады. Жазғандары жұрт аузына ілігіп, жастардың піріне айналады.
Ата – ана - бізге жарық дүние сыйлаған, бізді бағып – қағып өсірген, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай, қатарға қосып, ешкімнен кем қылмай, бойымызға ізгі тәлім – тәрбие дарытқан асыл жандар. Осы өмірдегі ең жақын адамдарымыздан біз бойымызға бар жақсылықты сіңіреміз.
Дәстүрлі қазақ отбасында ата –ананы ерекше құрметтеп, қадірлейді. Ата – ананың айтқан ақылына құлақ асып, сыйлау – әрбір баланың парызы деп есептеймін. Ата – анамыз бізге бар білгенін үйретіп, жамандықтан аулақ болуға, керісінше жақсылық жасауға, жаны жайсаң адамдармен дос болуға үйретеді. Қанша дегенмен, үлкен кісілердің өмірден көрген – білгендері, тәжірибесі көп. Сондықтан, ол кісілермен ақылдасып, айтқан өсиеттеріне құлақ асу абзал деп есептеймін.
Анамыз әрқайсымыз үшін ерекше жан, ал анамның айтқан асыл сөздері мен ақылы менің құлағымда өшпес шырақ секілді. Анам үнемі «Балам, олай істеме, ұят болады», «Әкеңнің айтқанын тыңда», «Әкеңмен ақылдас» деп құлағыма құйып отырады. Есейе келе ғана осы сөздердің мән – мағынасын түсінген сияқтымын. Анам бірі болмаса бірі құлағында қалсын деген екен ғой.
Сондықтан, ата-ананың ісінен үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – әр баланың парызы. Ата-ана қандай жағдай болмасын, «балам қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын» деп әрқашан тілеуін тілеп жүретін асыл жандар. Демек, ата - анамызды жерге қаратпай, салиқалы ұрпақ болу - біздің парызымыз екенін есте ұстайық.