Оқушыларға мемлекеттік тілдің – қазақ тілінің құдіретін, ұлылығын таныту, қазақ әдет-ғұрыптарының қыр-сырын ашу, түсіндіру, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін арттыру және оны кеңінен насихаттау, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, сауатты жаза білуге баулу, ойлау қабілеттерін дамыту, ата-бабамыздан қалған мұраны сақтай білуге тәрбиелеу, ұлттық патриоттық сезімін арттыру, білімдерін тереңдету. Көрнекіліктер: Мемлекеттік рәміздердің суреттері, қазақ тілі, қазақ халқының салт дәстүрлері жөніндегі оқулықтар мен еңбектер, көрме ретінде қойылады
Біз әлі баламыз ғой, туған жердің ауасы да шипа дегеннің мағынасын түсінбейміз. Бұл сөзді әжемнің аузынан жиі еститінмін. Бір күні әже неге бұл қайталай бересіз,- деп сұрадым. Сонда әжем, ей балам-ай, сендер бақыттысыңдар туған жеріңде, еліңде тұрып жатырсыңдар, - деп көзіне жас алды. Өзінің бала күнінде ата-анасы Қытайға ел асып кеткенін, ол жақта жүргенде Қазақстанды қалай сағынып, сағыныштан ауырғандарын айтып берді. Бұл сөзді қайталауымның себебі, ол күндер қайталанбаса екен, туған жеріме енді оралғанымда,- дейді. Және туған жердің ауасымен тыныстап, бойымдағы дертімнен де айыққандаймын,- деп әңгімесін аяқтады.