Қазақстанның астанасы Алатау баурайынан Сарыарқаға
қоныс аударды, тарихи қысқа мерзім ішінде елордамыз Отаны-
мыздың жүрегіне айналды. Бүгінде оны бүкіл дүниежүзі біледі.
Астанамыз қазір алып құрылыс аймағына айналған,
мұнда жүздеген құрылыс-монтаж кәсіпорындары мен ұйым-
дар жұмыс істейді.
Есіл бойы қазақтың ежелгі мекені. Абылай хан ақ
ордасын тіккен, батырларымыз ат ойнатқан қазақтың кіндік
қаласы жасай берсін!
Еңсең биіктей берсін, шаңырағың кеңейе берсін, Елорда!
Объяснение:
Дұрыс па? Дұрыс емес па? Блмим брақ өзмде осылай жаздым. Нүктенің орнына үтірқойдым дым өзгеріс жоқ демеңдер.
Сона-а-ау, еліміз егемендік алған, яғни тарихқа кеткен жиырмасыншы ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында, қазақ тілі мемлекеттік мәртебесін алған тұста кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда қазақ тілі үйірмелері ашылып, тіпті кеңес дәуірінің ықпалымен орыстілді болып кеткен отбасылар да ана тілін үйренуге бет бұрып, әбден тілге сусындап қалған халық жаппай белсенділік танытып, жүйелі жұмыс жанданып сала беріп еді. Керек десеңіз, қаладағы жолаушы тасымалдайтын көлік автобус пен троллейбустарда да аялдама аттары қазақ тілінде хабарланып бір ерекше құлшыныс пайда болды. Бірақ кенеттен осы жұмыстардың бәрі пышақ кескендей сап тиылып, мемлекеттік маңызы бар шара тек уақытша науқаншылыққа айналғанын сонда ғана ұқтық.