Ауызекі сөйлеу стилі — 1. Тілдің негізгі қызметі қарым-қатынас жасау қызметінің жүзеге асуына байланысты. [1].
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда, өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас жасау саласын қамтамасыз етеді. Ауызекі сөйлеу стилі өте функционалды стильдерге, әсіресе олардың ауызекі түрлеріне ықпал жасайды: баяндама, дәріс, пікірталас т.б.
2. Ауызекі сөйлеу стилі өзіндік ерекшеліктерін жасайтын айрықша белгісі жағдайға байланысты сөйлеу мәнері, эмоцияға қарай тілдік бірліктерін қолдану өзгешелігі болады. Бұл ерекшелігі ең алдымен, ондағы лексика-фразеология байқалады;
а) ауызекі сөйлеу стилі диалогқа құрылады. Қатысушы екі адам. Интонация ерекше қызмет атқарады. Сөйлеу тілінің тағы бір ерекшеліті монолог (бір кісінің сөзі көпшілік алдында сөйлеу, баяндама, дәріс, консультация);
ә) Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі онын эмоциялылығы, өйткені айтушы өз эмоциясын сол сөздің аясына сыйғызуға тырысады. Мыс., "Көбірек сөйлеп кетті" (бәсендеу түрі, бірақ эмоция сезіледі), "Мылжыңдап кеттің ғой!" (эмоцияның қатаң түрі);
б) Ауызекі сөйлеу стилі әдеби кейіпкердің сөйлеу ерекшелігі мен мінезін таныту үшін ол өмір сүрген ортадағы жергілікті диалект сөздерді стильдік мақсатта әдеби қолданады;
в) Ауызекі сөйлеу стилінде қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс., "Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ, сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек пайдаланылады;
г) Ауызекі сөйлеу стилі тілдің көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет, гипербола). Мыс., "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді";
т) Ауызекі сөйлеу стилі басқа стильдерден өзгешелігі мен ерекшелігі, ең алдымен синтаксистен сөйлем құрылысынан байқалады. Стильдің бул түрінде сұраулы, лепті сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.
Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады. Соның бірі - өнер. Әсем әуенмен ән айту, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез-келген жанға бұйыра бермейді. Біздің сынып тағы Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнімен танымал болса, Анель бишілік өнерімен Республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билерімен көпшіліктің көңілінен шығып жүр. Айгерім де екі жылдан бері мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән айтса, Мадина «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі. Қолөнерге қызығатын оқушыларымыз да аз емес. Бұлар біздің сыныптың мақтаныштары. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын. Олардың келешекте елімізге қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым жанып тұрған шырақ» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
Объяснение:
Жылан мезгілінде ұйықтамаса,күз ұзақ əрі жылы болады.Ордалы жылан мен құрт-құмырсқа топ-тобы мен басқа жаққа көше бастаса,табиғаттың тосын апаты болады.Аққу оңтүстікке кеш қайтса,күз ұзақ та жайлы болмақ.Мысық босағаны тырналап мазасызданса,ауа райы бұзылады,жел тұрады немесе боран болады.Қаз бен үйректің қиқулап,қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса,ауа райы бұзылады