М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
OsamuDazai
OsamuDazai
17.11.2022 09:14 •  Қазақ тiлi

Сделайте морфологический анализ. Орхонская Енисейская надпись по своему значению бесценный мир. На казахском: Орхон Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние

👇
Открыть все ответы
Ответ:
eduard22222
eduard22222
17.11.2022

іне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 60 жыл өтті. Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні  мал бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.


        Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен   Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.


        Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты.


        Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

4,4(78 оценок)
Ответ:
hokip
hokip
17.11.2022

Санжар Жапарұлы Асфендияров 1889 жылы 20 — қазанда Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкентте дүниеге келген. С.Ж.Асфендияров 1907 жылы жаратылыстану, математика пәндерін тереңдете оқытатын Ташкенттегі реалдық училищені бітірді. 1907-1912 жж. Санкт-Петербургтегі Әскери- медициналық академияда оқыды. С.Ж.Асфендияров – тұңғыш қазақ дәрігерлерінің бірі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери дәрігер қызметін атқарды. 1919-1925 жж. Ташкентте басшылық лауазымдарды атқарды:

1) 1919-1920 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары;

2) 1921-1922 жж. — Түркістан АКСР-ның Жер ісі  халық комиссары;

3)  1923-1924 жж. – Түркістан АКСР-ның Денсаулық сақтау халық комиссары.

        1927-1928 жж. Мәскеуде Н.Н.Нариманов атындағы Шығыстану институтының директоры қызметін атқарды. Мәскеу Мемлекеттiк университетiнiң  профессоры атағына ие болды.

Қазақстанда 1928 жылы Қазақ педагогика институтының (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университеті) қайтадан құрылуына атсалысты. 1929-1931 жж. Қазақ педагогика институтының директоры және тарих кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

С.Ж.Асфендияров Алматы медициналық институтының (қазіргі Қазақ Ұлттық Медицина Университеті) ұйымдастырушысы және тұңғыш ректоры (1931-1933 жж.) болды. С.Ж.Асфендияров институтта жалпы химия, биология, физика пәндерімен бірге анатомия, физиология, ішкі аурулар, гистология, микробиология, фармакология, биологиялық химия, гигиена бөлімдерін және хирургия кафедрасын ашты. С.Ж.Асфендияров жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларына, халыққа ақысыз дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарын жолға қойды. Халық арасында жиі кездесетін өкпе (құрт ауруы), шешек, оба, сүзек, тері ауруларына қарсы медициналық көмек ісін жандандырды.

Санжар Жапарұлы ана тілінен басқа орыс, ағылшын, француз, неміс, латын және шығыс халықтарының тілдерін еркін меңгерген.ответ:

Объяснение:

4,5(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ