Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Ол белгілі бір топтың, ұжымның, халықтың, жалпы а ң мақсат, мұрат, мүдделері тоғысынан туындайды. Қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын "бірлік болмай тірлік болмас", "бірлік түбі - береке", "алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді" деп түйген. Бірлікті ыдыратып, ірітуші күш - күншілдік, іштарлық, араздықтық деп тауып, жұртшылықты мұндай жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ салуға шақырған. Бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан, ел тізгінін қолына ұстаған адамдар - ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.
Бірлік түбі - береке. Иә, ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келед
қиял - ғажайып ертегілер - халық арманын қиял-ғажайып бейнедегі кейіпкерлер арқылы тілге тиек етеді. қиял - ғажайып ертегілер алғашқы қауымдық қоғамда туа бастаған деген болжам бар. оны ертегілерде кездесетін өте ертедегі қоғамдык өмірдің қалдыктарынан байқауға болады. мысалы, матриархат заманына тән аналық ру мен көптеген әдет - ғұрыптардың көріністері (жұптық ұйым, аналық мекен, аналық неке, кувада, авункулат, т. ерте замандағы анимизм, тотемизм, магия сияқты діни нанымдар мен сенімдер, т.б. бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял деп түсінген. сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. қазақтың қиял - ғажайып ертегілері жанрлық жағынан біркелкі емес. оның құрамында алғашқы қауымға тән қарапайым миф, хикая, әңгімелермен бірге батырлық ертегілер кездеседі, сондай-ақ, тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар ұшырасады. демек, біздің қиял - ғажайып ертегілерміз жанр жағынан синкретті, яғни дараланбаған. қазақ қиял - ғажайып ертегілердің тағы бір ерекшелігі - үнемі трансформациялық процесте болуы, яғни бір жанрдың екіншіге ауысып отыруы. осы себепті қиял - ғажайып ертегілерінің біразы жанрлық өзгеріске ұшыраған, олар қиял-ғажайып пен тұрмыс-салт ертегілерінің аралық жанры сияқты. кей жағдайда қиял - ғажайып ертегілері бүтіндей тұрмыс-салт оқиғаларын баяндап келеді. қиял - ғажайып ертегілердің сюжетіне, поэтикасы мен құрылысына батырлық жыр үлкен ықпал еткен. көптеген қиял - ғажайып ертегілердің сюжеттік желісінде батырлық жырларындағыдай тұрақты кіріспелер мен қорытындылар бар.
мəтін
Ендеше, адамдардың өткен өміріне қатысты түрлі мәліметтерді «тарихи деректер» деп атаймыз. Өз кезегінде тарихи деректер ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографиялық және антропологиялық болып әр түрге бөлінеді. Соның ішінде ауызша және жазбаша деректердің қазақ тарихында алатын орны ерекше. Ауызша деректер мыңдаған жылдар бойына ел арасында ауыздан-ауызға жетіп, бүгінгі күнге дейін сақталған. Мұндай деректер қатарына біз ежелден сақталған аңыз-әңгімелерді, эпостық және салт-дәстүр жырларын, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жатқызамыз. Бүгінгі таңда ауызша деректер негізінде қазақ халқының ауыз әдебиеті мен ауызша тарих айту дәстүрін жандандыру кеңінен қолға алынуда. Оның мысалы ретінде бүгінде ауызша деректер мен жазба деректерді өзара сабақтастыра отырып қазақ халқының шежіресін жазу ісінің қарқынды түрде жүріп жатқанын айтамыз.
бес жолды өлең
1.жəдігер
2.ескі көне
3.үйретеді сынады екртеді
4.атадан қалған ескі жəдігерлер
5.Мұра