Отбасы жоқ адам қанатсыз құспен тең. Ал бір-бірін сыйлап, бірін-бірі сүйіспеншілікке бөлеп отырған отбасысы, бар адамдар өте бақытты жандар. Себебі қандай да бір қиыншылық болған жағдайда, отбасыңның ауызбіршілігі мықты болса, кез келген қиыншылықтан жұмылған жұдырықтай өте шығасың. Ал мен өзімді ең бақытты жанға теңеймін. Себебі менің отбасым қасымда. Маған ақылын айтып отыратын атам, маңдайым иіскеп айналып отыратын әжем бар. Отбасының барлық жағдайын жасап қамқорлық көрсететін әкем, дәмді асын дайындап, күннің шуағындай мейірімге бөлейтін анам бар. Білмегенімді үйрететін тәтем, меніңде кішкене болса да ересек екенімді еске жиі түсіретін інім бар. Мен отбасымның осы қалпынан таймай,бақытты өмір сүргенін қалаймын!
Т.Ахтанов – қазақ прозаиктерінің ішінде соғыс шындығын жете біліп суреттеген тұңғыш қаламгерлеріміздің бірі. Оның көптеген шығармаларынан Ұлы Отан соғысының лебі есіп тұратынында осындай себептер бар. Тағы бір назар аударатын жай - жазушы өз әңгіме-повестерінде ақын, күйші, компазитор, суретші сияқты өнер адамдарының бейнесін жасайды. Олардың сыртқы тұлғасын ғана суреттеп қоймай, ішкі дүнеисіне де үңіліп, кейіпкер психологиясына тереңдей енеді.Қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтанов – қазақ әдебиетіне соғыстан кейін келіп қосылған ұрпақтың өкілі.
Объяснение:
все просто