М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Noyaneya
Noyaneya
26.06.2021 07:49 •  Қазақ тiлi

Переведите рассказ "наурыз-жыл басы"

👇
Ответ:
valera5515
valera5515
26.06.2021
Март начало года шкрвратплала
4,4(30 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
1232508
1232508
26.06.2021

Бақыт бұл уақытта жоқ нәрсе және бұл уақытта қатты қалайтын нәрсе. Бақыт - бұл арман. Дегенмен, түсініксіз бір түйткіл орнайтыны, арман-тілек қалай жүзеге асысымен, артынша бақыт ізім-ғайым жоқ болып кетпей ме?! Арманыңыз ақиқат өмірде орын алған уақытта бақыт туралы ұғым жүрек түкпіріңізде белгілі бір уақытқа жатқандай болғанмен, алайда, аппақ таңның жарығында сол бір мол қуатты бақыт туралы ұғымның көлеңкесі кішірейіп, күн өткен сайын жарықтан артық жылдамдықпен күш-қуаты кеми бермек. 

Адам нені армандап, нені ақиқат өмірде жүзеге асырып жатқанда өз-өзіне қуаныш сыйлайды? Адам белгілі бір іс-қимылдарды жасайды және онысы шырмалған шаруа тұрмысында қуаныш алып келеді. Қандай бір жаңалық ашпасын, өнер тудырмасын, бәрібір де оның барлығы мәңгілікке бақытты қыла алмайды.

4,6(95 оценок)
Ответ:
Фахрияlove1
Фахрияlove1
26.06.2021

Елбасымыз Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету, елімізді өркендету үшін білімді жастар керек.

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударып, бүгінгі жастар –  болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі екенін жеткізді.

        Егеменді еліміздің ертеңі-білімді ұрпақ қолында. Терең білім саналы тәрбие негізінде бойға сіңетіні белгілі. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы — бұның басты шарттарының бірі.

Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді естен шығармайық!

Объяснение:

4,6(87 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ