мөңке бидің болжамы Құрамалы, қорғанды үйің болады, Айнымалы, төкпелі биің болады. Халыққа бір тиын пайдасы жоқ Ай сайын бас қосқан жиын болады. Ішіне шынтақ айналмайтын Ежірей деген ұлың болады. Ақыл айтсаң ауырып қалатың Бедірей деген қызың болады. Алдыңнан кес-кестеп өтетін, Кекірей деген келінің болады. Ішкенің сары су болады, Берсең итің ішпейді, Бірақ адам оған құмар болады, Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады. Ит пен мысықтай ырылдасқан, Еркек пен қатының болады. Ертеңіне сенбейтін күнің болады, Бетіңнен алып түсетін інің болады. Алашұбар тілің болады, Дүдәмалдау дінің болады, Әйелің базаршы болады, Еркегің қазаншы болады, Жылқы жұлдыз болады, Қой құндыз болады, Кебір – жерге теңеледі, Әйел – ерге теңеледі, Көл – теңізге теңеледі. Сиыр – өгізге теңеледі. Ақырзаман адамы – Сағынып тамақ жемейді, Ащыны – ащы демейді, Тапқанын олжа дейді, “Алһам” білгенін молда дейді. Бір-біріне қарыз бермейді, Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді. осы өленнің ішінен теңеу , эпитет, қайталау ды тауып бериндерш
«Сауда жасай білесіз бе?» тақырыбына шағын эссе.
Нарықтық экономика заманына көшкеннен бері сауда – саттық адам өмірінің маңызды бір бөлшегіне айналды. Заман талабына сай «Клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасты. Сауда жасау, саудамен айналысу бір көзге оңай көрінгенімен, бұл – қыр – сыры көп, арнайы білім мен біліктілік мен шыдамдылықты талап ететін мамандық түрі.
Сауда - бүкіл адамзат дамуының қозғалту күші. Біз сатумен күн сайын айналысамыз: тауарлар, қызмет көрсетулер, білім, уақыт, тіпті соңғы кездері өзімізді (яғни білімімізді) сатамыз. Маркетинг, PR және жарнама – бұл ғылым ретінде арнайы оқытылса, экономикалық қару да, басқару функциясы да, байланыс үрдістері де тікелей сату өнерімен байланысты.
Қазіргі таңда заманауи сатушыға қойылатын талаптар өте жоғары десек те болады. Оның себебі, сатып алушылардың талапшылдығы мен талғампаздығына, бәсекелестердің белсенділігі мен қайсарлығына біліктілікпен, құзыреттілікпен және асқан еңбекқорлықпен жауап беріп, болашақ клиентке дұрыс қызмет көрсете алсаңыз – 100%-тік табыс әкелетіні сөзсіз. Сондықтан, сауда – әркімнің қолынан келе бермейтін өнер. Өйткені, «клиенттің айтқаны әрқашан да дұрыс» деген қағида қалыптасқан заманда әрбір сатып алушымен жақсы қарым – қатынас орнату, жаңа клиенттер табу, тапсырысты орындай білу секілді мәселелер туындайды. Сонымен, сауда жасай білу нағыз өнер түрі деген қорытындыға келдім. Себебі, бұл сатып алушыны тыңдай біліп, қалаған затын толықтай түсіну, клиентке көңіл бөлу дегенді білдіреді.