Әсет: – Сәлем,Самат!
Самат: – Сәлем,Әсет!Қалайсың?
Әсет: – Жақсы,өзің ше?Алматыға қош келдің, достым!
Самат: – Менде де бәрі жақсы.Ия,жазғы демалысымды Алматыда өткіземін деп шештім.Сенің уақытың болса,мені қала ішін аралатып,таныстыра аласың ба?
Әсет: – Әрине,жүр кеттік!Бізге жақын жерде қаланың символына айналған әрі ең әдемі субұрқақ "Шығыс күнтізбесі" бар.
Самат: – Субұрқақтың есімі қызық екен.Неге олай атаған?
Әсет: – Өйткені,субұрқақ Шығыс халқының 12 жылдық күнтізбесі бейнесін береді.
Самат: – Түсінікті.Ал субұрқақтың сыртқы көрінісі қандай?Субұрқаққа жеткенше біліп алғым келеді.
Әсет– Субұрқақтың сыртқы көрінісі киіз үйдің жоғары бөлігіне ұқсайды.Ортасындағы Күн түріндегі композиция қызғылт түсті.Субұрқақ түбінде смальт мәрмәр тастардан мозаикалар жабыстырылған.
Самат: – Керемет!Көруге асықпын.
Әсет: – Онда тездетейік.Әлі аралайтын жерлер өте көп!
Объяснение:
Шұрқырай кісінеп, жер тарпыған жануар дыбысынан оның тұлпар екенін көзбен көрмей-ақ сезуге болады. Себебі, он сегіз мың ғаламмен байланысып жатқан табиғат-ананың кең құшағындағы әрбір тіршілік иесінің өзіне ғана тән үні мен ерекшелігі, сұлулығы мен сыры бар. Әр ұлттың да. Сөйлеген сөзінен, тілінен, ұлттық киімінен, дәстүр-салтына сіңген іс-әрекетінен оның қай ұлт екенін айғақтау қиын емес. Өйткені, әр ұлттың өзіндік құндылықтары сол халық өміршеңдігінің мәңгілік энергиясы, қайнар бұлағы. Ол ұлтты ұлт қылып қалыптастырып кеткен бекзада бабалар мен ақ жаулығы арындай әппақ ардақты аналардың ең қастерлі аманаты.